ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР СЛЕТІ ӨТТІ
Қызылорда облысы Полиция департаментінде ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне арналған слет өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Дәстүрлі түрде өтетін бұл шараның мақсаты – ішкі істер органдарына енді ғана қабылданған жас қызметкерлерін, департаменттің жеке құрамын отансүйгіштікке, патриоттық өнеге тәрбиелеу болып табылады.
Салтанатты шараға ішкі істер органына жақында қабылданған 60-қа жуық жас қызметкер, олардың тәлімгерлері және жас қызметкерлердің ата-аналары қатысты. Қызылорда ОПД-мен қатар шараға облыстағы барлық аудандық ішкі істер бөлімдері, Қызылорда ҚПБ және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі, ІІО ардагерлері, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері де атсалысты.
Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев баяндама оқыды. Сонымен қатар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы саяси ғылымдардың кандидаты Сәулет Сахиев Елбасының «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жолдауы бойынша баяндама жасады.
Шара кезінде жас қызметкерлердің арасында «Динамо» ДШСҚ тирінде әр бөліністің жас мамандары мен тәлімгерлері арасында сайыс өтіп сайыс жеңімпаздары марапатталды.
Қатысушыларға департамент қызметкерлерінің күшімен дайындалған қару-жарақ көрмесі  және оқыту-үйрету бейнеролигі көрсетілді.  
Мерекелік шара соңында слетке қатысушыларға департаменттің Жедел жоспарлау орталығының жұмысы, Департаменттің мұражайы және «112» диспетчерлік қызметі таныстырылды. Сонымен қатар қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлерін еске алып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.  
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика