Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Оқу орталығында 3 дәрісхана, көрме залы және 2 конференц-зал, сырттан келген қатысушыларға арналған хостел мен асхана бар. Аталмыш ұйым семинарлар, турнирлер және басқа да білім беруге қатысты іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
Қызылордада «ЖанАрай» ЖШС-де ашылған оқу орталығы мен қонақүй кешенінің ашылу салтанаты өтті. Еске салайық, «Жан Арай» ЖШС-нің зауыты  үй жануарларына арналған азық-түлік өнімдерін шығарумен айналысады. Ал 2016 жылы кәсіпорында қаз фермасы ашылған болатын. Қазіргі уақытта, агрокешен 250 ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, тәулігіне 150 тоннаға жуық күріш, 170 тонна ұн мен 80 тонна жем өнімдерін өндіруде.
«ЖанАрай» мекемесі – заманауи талаптарға сай ауқымды агроиндустриялық кешен. Бүгінгі күні оқу орталығы, мейрамхана мен қонақүй ашылып отыр. Бұл өңірдің экономикасына инвестиция салудың және тұрақты жұмыс орындарын құрудың тағы бір жарқын көрінісі»,-деді аймақ басшысы оқу орталығының ашылу салтанатында.
«ЖанАрай» оқу орталығы ғимаратында экран, проектор және басқа да құрылғылармен жабдықталған 80 және 50 адамға арналған 2 конференц-зал, 3 дәрісхана, 200 орындық көрме залы, 50 адамдық хостел және 100 адамға дейін қабылдай алатын асхана бар.
«Мұнда оқу семинарлары мен мастер-кластар, шахмат турнирлері және басқа да іс-шаралар өткізуге болады. Жақында ауыл әкімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтті. Ауылшаруашылық қызметкерлері үшін кәсіпорында көрнекі тәжірибелік оқулар өткізуге өте ыңғайлы», - деді «Жан-Арай-Жем» ЖШС бас директоры Бақдәулет Махашов.
Айта кетейік, оқу орталығы, қонақүй және мейрамхана кәсіпкердің жеке қаржысына салынған.
Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика