Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

АНОНС!
Құрметті тұрғындар, азаматтық қоғам өкілдері!
2018 жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы Арнайы мониторингтік тобының мүшесі, еліміздегі жер қатынастары саласындағы жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары бойынша заң және сот ісінде үлкен тәжірибесі бар кәсіби адвокат, заңгер Базарбек Бақытжан Жұмабекұлы қоғамдық ұйымдар мен жергілікті қоғамдық кеңестер өкілдерімен және халықпен кездесу семинарын өткізіп, тегін құқықтық кеңестер береді.
Семинар барысында азаматтар төмендегі мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңестер ала алады.
- Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру;
- Жер учаскесінің мақсатын өзгерту;
- Жерге орналастыру процессі мен жер учаскелерін сегментациялау;
- Мақсатсыз пайдаланғаны және мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер учаскесін алу;
- Өз бетінше құрылыс жүргізу;
- Жер учаскесін белгілеу және шекарасын айқындау;
- Су қорғау аймақтары мен белдеулер, қызыл шекаралар мен санитарлық-қорғау аймағы;
- Жер учаскесін заңсыз иемденуге байланысты және өзге де мәселелер бойынша құқықтық кеңес береді.
Осыған сәйкес барлық азаматтарды және азаматтық қоғам өкілдерін өтетін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Семинар өтетін күні мен мекен жайы: 2018 жылғы 15 қазан, сағат 14.00-18.00 аралығында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №53.
Семинар «Фейсбук» әлеуметтік желісінде Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің парақшасында тікелей эфир арқылы сүйемелденеді.
Анықтама үшін байланыс құралдары 8(7242)70-25-20, 87789255308.
 
Категория: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика