Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Жекеше әріптесті айқындауда конкурсты қайта өткізуді
хабарлау және конкурс құжаттарының көшірмесін ұсыну туралы
 
Қызылорда облысы әкімдігі атынан «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы негізінде (бұдан әрі – МЖӘ) «Қызылорда су жүйесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны теңгеріміндегі Қызылорда қаласындағы сумен қамту және суды бұру нысандарын сенімді басқаруға беру» туралы жобасын іске асыру мақсатында жекеше әріптесті айқындауда конкурс өткізілетінін  хабарлайды. 
МЖӘ түрі: МЖӘ келісім-шарты.
«Қызылорда су жүйесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны теңгеріміндегі Қызылорда қаласындағы сумен қамту және суды бұру нысандарын сенімді басқаруға беру» жобасы.
Жобаның мақсаты: Қызылорда қаласында сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерінің сапасын арттыру.
Жобаның міндеттері: 
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны теңгеріміндегі Қызылорда қаласындағы сумен қамту және суды бұру нысандарын кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімді басқаруға беру;
Қала тұрғындарын, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілерін сапалы ауыз сумен қамту, сарқынды суды сенімді және қауіпсіз бұруды қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның институционалды және қаржылық тұрақтылығын арттыру.
Сумен жабдықтау және суды бұру сапасының стандарттарын жетілдіру,
қызмет көрсету тиімділігін, экономикалық орындылығын арттыру.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2018-2023 жылдар.
Жекешелік әріптестіктің қызметі: 
МЖӘ келісім-шартына сәйкес, халықты ауыз сумен кепілдік берілген сапада және қажетті мөлшерде қамтамасыз етудегі «Қызылорда су жүйесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның операциялық және қаржылық көрсеткіштері мен қызмет көрсету деңгейін  жақсарту.
Жекеше әріптес сумен жабдықтау және суды бұру саласында қолданылатын  халықаралық дәрежеде танылған әдістер мен тәжірибеге, халықаралық кәсіби ұйымдармен танылған  инжиниринг, бухгалтерлік есеп және консалтинг бойынша кәсіби стандарттарға, қызмет көрсетудің шынайы деңгейіне байланысты, объектілер және инфрақұрылым жағдайына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттердің басымдылығы бойынша тәжірибе жүзінде анықтауды қамтамасыз етеді. 
Мемлекеттік қолдау шаралары:
Мемлекеттік әріптес жоба шеңберінде басқаруды жүзеге асырғаны үшін жекеше әріптеске МЖӘ шартымен айқындалған талаптарға сәйкес сыйақы төлеуді 5 жыл көлемінде жүзеге асырады.
Байқауға «МЖӘ туралы» Заңының 32-бабында және конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сай келетін барлық әлеуетті қатысушылар қатыса алады.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін мынадай мекен-жай бойынша алуға болады: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №1, № 426 кабинет. Конкурстық құжаттамалар тегін беріледі.
Байқауға қатысуға өтініштер 2018 жылдың 12 қараша сағат 19.00-ге дейін қабылданады.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2018 жылғы 13-ші қараша сағат 12.00-де аталған мекенжай бойынша жүзеге асырылатын болады.
Қосымша мәліметтер және анықтамаларды 8 (7242) 605392 телефоны арқылы Рысқұлова Разия Абдуллаевнадан алуға болады.
Категория: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика