Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

  1. Автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша 2018 жылы атқарылатын жұмыстар

2018 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 7,8 млрд. теңге бөлініп, 151 км шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Атап айтқанда:

  • 12,5 шақырым құрылыс және қайта жаңғырту - 1,7 млрд. тенге;
  • 135,5 шақырым күрделі және орташа жөндеу – 5,0 млрд. тенге;
  • Ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау – 1,1 млрд. тенге;
  • Жоба-сметалық құжаттар және ТЭН әзірлеуге - 82,5 млн. тенге.

Сонымен қатар, 3-көпір салу және 1-көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2018 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63,5% болып бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

  1. Жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымы желісін дамыту бойынша 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

І. Автомобиль көлігі

1. Жолаушы тасымалы. Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) - 109 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 31 маршрут. Сонымен қатар, облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Жібек жолы (Черняевка), Сарыағаш және Ақтөбе қалаларына 8 облысаралық автобус маршруты  ұйымдастырылған.

Осы облыстық маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1582 дана автобуспен (69-облысаралық, 283-ауданаралық, 423 – ауданішілік, 807-қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

         2018 жылдың І тоқсаны бойынша болжаммен 81,8 млн. жолаушы тасымалданып, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,4 пайызға артып отыр. Ал жолаушылар айналымы болжаммен 1525,8 млн. жкм. құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға артып отыр.

         Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларына 2,9 млн. теңге демеуқаржы игеріліп, бұл жоспарланған қаржының 16,5 % құрап отыр.

         2017 жылдың 15 тамызында қала көлемінде қызмет көрсететін үлкен сыйымдылықтағы автобустарға арналған тұрақтар, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы және автобустардың үздіксіз жұмыс жасауына жағдай жасайтын түрлі мүмкіндіктері қарастырылған жаңа коммуналдық автобус паркі іске қосылды.      

         Алдағы міндеттер:

- облысішілік ауданаралық маршруттардағы автобус паркін қазіргі заман талаптарына сай жаңа автобустармен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізу;

- жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру.

2. Көлік инфрақұрылымы.

         Бүгінгі күнге, Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіміне Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 3 автовокзал және 10 автостанса енгізілді.

Арал қаласында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі жанынан жеке кәсіпкер «Жақсат и К» өз қаржысымен автовокзал салып, Басқармамен облыстық реестрге енгізілді.

Шиелі ауданы, Шиелі кентінің жанындағы «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан «Тұлпар» ЖШС-мен автостанция құрылысы салынуда. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады деп күтілуде.    

Алдағы міндеттер:

- жолаушылар мен тасымалдаушыларға қазіргі заман талаптарына сай сервистік қызметтердің көрсетілуіне жұмыстар жүргізу.

         ІІ. Әуе көлігі саласы

1.Жолаушылар тасымалы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.

         Осыған сәйкес, бүгінгі күні Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 23 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 11, Алматы қаласына – 9, Қарағанды – 1 рейс, Ақтау-1 және Атырау-1 рейс.

2018 жыл І тоқсаны бойынша әуежайдан 23,4 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артып отыр.

Бүгінгі күні, әуежайда халықаралық бағыттағы әуе желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс жасалуда.

2. Әуе инфрақұрылымы.

         Бүгінгі күні, Қызылорда қаласында жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі (тұжырымдама) арқылы іске асыру жоспарланып отыр.

2015 жылдың 14 желтоқсанында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасы «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС - мен (әрі қарай – «МЖӘ» ЖШС) Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын жаңа жолаушылар терминалы құрылысының МЖӘ жобасының тұжырымдамасын (концепция) әзірлеу және жобаны сүйемелдеуге келісім шарт жасалды.

Бүгінгі күні, «МЖӘ» ЖШС-нің конкурсттық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр және жекеше әріптесті анықтау бойынша 3-ші реттік конкурс аяқталды (02.11.2017ж.).

Конкурсқа қызығушылық танытқан «Сарыдаглар Иншаат Ве Тиджарет Аноним Ширкети» АҚ-ы  тиісті құжаттарды ұсынбағандықтан, біліктілік іріктеуден өтпеді деп танылды.

Қазіргі уақытта, «тікелей келіссөздер» негізінде жобаны іске асыру жоспарланып отыр, яғни жеке инвестор мемлекетке инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін бірегей және / немесе одан әрі тиімді шарттарды ұсынып отыр.

Мемлекет инвестордың ұсынысын қарастыруда және оң шешім қабылданған жағдайда, конкурс өткізбестен онымен келісімшарт жасайды немесе конкурс өткізілген жағдайда бастамашыға бәсекелестік артықшылықты (бонустар) ұсынады.

Қызылорда облысы әкімдігінің атынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы инвестордың ұсынысын қарастыруда және оң шешім қабылданған жағдайда, конкурс өткізбестен онымен келісімшарт жасайды немесе конкурс өткізілген жағдайда бастамашыға бәсекелестік артықшылықты (бонустар) ұсынады.

Жеке инвестор (бастамашы) болып «BAZIS-A» құрылыс компаниясы болжануда. Бүгінгі күні, ҚР ҰҚА сәйкес жобаны іске асыру мәселелері талқылануда.

Алдағы міндеттер:

- Қорқыт ата әуежайы арқылы халықаралық және республикаішілік әуе рейстерін ашуға жұмыстар жүргізу.

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі негізінде Қорқыт ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жобасының іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу;

         ІІІ. Темір жол көлігі саласы.

 Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км.-ді құрайды. 

         Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 20 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы) бағыттағы 7 жұп пойызы өтеді.

         Облыс орталығынан 5 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей» № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск», №89/90 «Қызылорда – Астана Нұрлы жол» (Тальго) және 617/618 «Қызылорда-Жезқазған» пойыздары ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, 2014 жылдың 22 тамызынан бастап «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы пайдалануға қосылған.

Осыған байланысты 2016 жылдың наурыз айында облысаралық №617/618 «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылып, Арал өңірінің темір жол бойында орналасқан елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстырылып отыр.    

2017 жылдың 1 шілдесі күнінен бастап «Қала маңындағы тасымал» АҚ-ның аптасына 5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін екі вагоннан құралған № 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жаңа жолаушылар пойызы халыққа қызмет көрсете бастады.

Пойыздың жүру бағыты облысымыздың оңтүстік бағытындағы барлық аудан орталығы мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтиды.

Әлеуметтік маңызы бар Қызылорда-Бесарық-Қызылорда ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынасы облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларына 44,1 млн. теңге демеуқаржы игеріліп, бұл жоспарланған қаржының 29,2% құрап отыр.

«Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы  271,3 шақырымды құрайды. Осы темір жол бойында 3 станса (Қарашеген, Абай, Аралық) және 10 бекет (разъезд) (№№19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11, 10) салынып, қолданысқа берілді.

Сонымен қатар, «Бейнеу-Жезқазған» теміржол желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін, екі пәтерлі 38 үйдің құрылысы жоспарланған болатын.

2014 жылдың қазан айында 8 үйдің құрылысы аяқталып, теміржолшылардың отбасыларына пайдалануға берілді. ал қалған 30 үйдің құрылысын 2018 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.   

Алдағы міндеттер:

  • Қызылорда облысында темір жол кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізу;
  • Теміржолшылар үшін 30 үйдің құрылысын аяқтау.

«Жобалық басқару» шеңберіндегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша

Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымы бөлімімен 2 жоба ұсынылуда.

1. «Қоғамдық көлікте электрондық жолақы төлеу жүйесі» тасымалданған жолаушылар санының ашықтығына, жолаушылар тасымалының тиімділігін жоғарылатуға, кірістердің және көлік құралдарындағы жолаушылар ағымының  артуына алып келеді.

Қалалық қоғамдық көлікте электрондық жолақы төлеу жүйесі жобасын енгізуді мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) механизмі бойынша іске асыру жоспарлануда. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 6 280,0 мың теңге қаржы бөлінді.

2018 жылдың 16 ақпанында аталған жүйені енгізу үшін, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «Қызылорда Автобус паркі» ЖШС-і мен «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС-і өкілдерімен тәжірибе алмасу үшін біздің қалада кездесу өтті.

Қазіргі уақытта, Алматы қаласындағы «SMART-ЖКХ» ЖШС-і мен Белоруссиялық «IBA Group» компаниясының электрондық жолақы төлеу жүйесін енгізу  нұсқалары қарастырылуда.

2. «НАС» автоматтандырылған басқару жүйесі автовокзалдар мен автостанциялардағы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға, жолаушылардың ақпараттандыруын жақсартуға және автобус билеттерін сатып алу кезінде ыңғайлы болуына мүмкіндік береді. Тұтынушылар терминал, интернет желісі қосылған компьютер немесе ұялы телефон арқылы автобус билеттерін сатып ала алады. Билет сатып алу жолдары қолжетімді болуы арқылы  көлік мекемелерінің түсімдері мен автобустарға мінетін жолаушылардың санын арттыруға, сондай-ақ жолаушылар ағынын автоматтық есепке алу, көлік басқармаларына берілетін қажетті есептерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

2018 жылдың 28 ақпанында аталған жүйемен танысу үшін «Сапар» ЖШС-мен және автовокзал, автостансалардың директорларымен кездесу өтті.

Нәтижесінде, «Салтанат» ЖШС-і автовокзалы өз қаражаты есебінен автовокзалға аталған жүйені орнатуға шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта, Ресейден кассалық аппаратқа тапсырыс берілді және 1 ай көлемінде келеді, сондай-ақ компьютерлер сатып алынуда.

Алдағы міндеттер:

  • «Жобалық басқару» бойынша келісілген күнтізбелік графикке сәйкес, уақытылы жұмыс жасау.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2017 жылы  атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Облыс аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3445 шақырымды құрайды. Оның 1107 км республикалық, 472,24 км облыстық, 1866,6 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдар.

2017 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 9,73 млрд.теңге бөлініп, 215,3 км жолдар жөндеуден өткізілді.

Атап айтқанда:

-         46,55 шақырым құрылыс және қайта жаңғырту – 2,96 млрд. теңге;

-         168,75 шақырым күрделі және орташа жөндеу – 5,71 млрд. теңге;

-         ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау – 1,0 млрд. теңге;

-         2-көпірдің құрылысы басталды, 5 көпір пайдалануға берілді.

-         жоба-сметалық құжаттар және ТЭН әзірлеуге – 76,3 млн. теңге.

2017 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63% жетті.

І. Автомобиль көлігі

1. Жолаушы тасымалы. Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) - 109 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 31 маршрут. Сонымен қатар, облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Жібек жолы (Черняевка) және Сарыағаш қалаларына 7 облысаралық автобус маршруты  ұйымдастырылған.

Осы облыстық маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1645 дана автобуспен (69- облысаралық, 283-ауданаралық, 423 – ауданішілік, 870-қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

2017 жыл бойынша болжаммен 363,2 млн. жолаушы тасымалданып, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,3  пайызға артып отыр. Ал жолаушылар айналымы болжаммен  6453,8 млн. жкм. құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 7,7 пайызға артып отыр.

Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына 17,7 млн. теңге демеуқаржы игеріліп, бұл жоспарланған қаржының 100% құрап отыр.

2017 жылдың 15 тамызында қала көлемінде қызмет көрсететін үлкен сыйымдылықтағы автобустарға арналған тұрақтар, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы және автобустардың үздіксіз жұмыс жасауына жағдай жасайтын түрлі мүмкіндіктері қарастырылған жаңа коммуналдық автобус паркі іске қосылды.      

«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалаішілік бағыттарда электрондық билеттік жүйені енгізу мақсатында біршама жұмыстар жүргізілді.

«Оңай» электронды билеттік жүйенің әзірлеушісі – «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС аталған жүйемен таныстыру үшін облыс орталығында презентация өткізді.

Бүгінгі таңда, аталған мәселе бойынша коммерциялық ұсыныстар облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы басқармаларымен және қала әкімдігімен талқылануда.

Алдағы міндеттер:

- облысішілік ауданаралық маршруттардағы автобус паркін қазіргі заман талаптарына сай жаңа автобустармен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізу;

- жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру.

2. Көлік инфрақұрылымы.

Бүгінгі күнге, Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіміне Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 3 автовокзал және 10 автостанса енгізілді.

Арал қаласында «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі жанынан жеке кәсіпкер «Жақсат и К» өз қаржысымен автовокзал салып, Басқармамен облыстық реестрге енгізілді.

Шиелі ауданының Шиелі кентінің жанындағы «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан «Тұлпар» ЖШС-мен автостанция құрылысы салынуда. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп күтілуде.    

Алдағы міндеттер:

- жолаушылар мен тасымалдаушыларға қазіргі заман талаптарына сай сервистік қызметтердің көрсетілуіне жұмыстар жүргізу.

ІІ. Әуе көлігі саласы

1.Жолаушылар тасымалы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.

Осыған сәйкес, бүгінгі күні Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 28 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 11, Алматы қаласына – 12, Қарағанды – 1 рейс, Ақтау-2 және Атырау-2 рейс.

2017 жыл бойынша әуежайдан 103,6 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға артып отыр.

Бүгінгі күні, әуежайда халықаралық бағыттағы әуе желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс жасалуда.

2. Әуе инфрақұрылымы.

Бүгінгі күні, Қызылорда қаласында жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланып отыр.

2015 жылдың 14 желтоқсанында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасы «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС - мен (әрі қарай – «МЖӘ» ЖШС) Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын жаңа жолаушылар терминалы құрылысының МЖӘ жобасының тұжырымдамасын (концепция) әзірлеу және жобаны сүйемелдеуге келісім шарт жасалды.

Бүгінгі күні, «МЖӘ» ЖШС-нің конкурсттық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр және жекеше әріптесті анықтау бойынша 3-ші рет конкурс жарияланды (02.11.2017ж.).

2017 жылдың 22 қарашасында «Engineering Supply Company» және «SARIDAGLAR» компания өкілдерімен «Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата әуежайы жаңа жолаушылар терминалы құрылысы» мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы бойынша кездесулер өткізіліп, жобаны іске асыру шарттары талқыланды.

Бүгінгі күні, Қызылорда облысы әкімдігі мен «SARIDAGLAR» компаниясы арасында ынтымақтастық ниет туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-н «2016-2020 жылдары жекешелендіруге жататын объектілер тізімінен» шығару жөнінде ҚР Премьер-Министріне хаттар жолданып, Инвествициялар және даму, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен жұмыстар жүргізілді. Аталған мәселе ҚР Инвествициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінен оң салалық қорытынды алынып, ҚР Үкіметі мен халықаралық қаржылық ұйымдар  арасындағы серіктестік туралы келісім шеңберінде іске асыру бойынша №5 «Экономикаға инвестиция тарту және мемлекеттік-жекешелік  әріптестікті дамыту» жұмыс тобында қаралып, жекешелендіруге жататын объектілер тізімінен шығаруға келісімдері алынды

(әрі қарай №2 «Қазақстан республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде іске асыруды» жұмыс тобында қаралып, координациялық кеңесте қаралатын болады).

Алдағы міндеттер:

- Қорқыт ата әуежайы арқылы халықаралық және республикаішілік әуе рейстерін ашуға жұмыстар жүргізу.

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі негізінде Қорқыт ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жобасының іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу;

ІІІ. Темір жол көлігі саласы.

Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км.-ді құрайды. 

Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 18 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы) бағыттағы 6 жұп пойызы өтеді.

Облыс орталығынан 4 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей» № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск», №89/90 «Қызылорда - Астана» (Тальго) пойыздары ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, 2014 жылдың 22 тамызынан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы уақытша пайдалануға қосылған.

Осыған байланысты 2016 жылдың наурыз айында облысаралық №617/618 «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылып, Арал өңірінің темір жол бойында орналасқан елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстырылып отыр.    

2017 жылдың 1 шілдесі күні «Қала маңындағы тасымал» АҚ-ның аптасына

5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін екі вагоннан құралған № 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жаңа жолаушылар пойызының алғашқы құрамы шығарып салынды.

Пойыздың жүру бағыты облысымыздың оңтүстік бағытындағы барлық аудан орталығы мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтиды.

Әлеуметтік маңызы бар Қызылорда-Бесарық-Қызылорда ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынасы облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. 2017 жылдың шілде-желтоқсан айларына 65 млн. теңге демеуқаржы игеріліп, бұл жоспарланған қаржының 100% құрап отыр.

«Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы  271,3 шақырымды құрайды. Осы темір жол бойында 3 станса (Қарашеген, Абай, Аралық) және 10 бекет (разъезд) (№№19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11, 10) салынып, қолданысқа берілді.

Алдағы міндеттер:

-     Қызылорда облысында темір жол кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізу.

Қызылорда облсының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2017 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

І. Автомобиль жолдары желісін дамыту
Облыс көлемінде жергілікті және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 2338,8 км құрайды, 99,2 км асфальтобетонды, 1329,1 км қарақиыршық тасты, 380,8 км қиыршық тасты және 529,7 км топырақты жолдар.
2017 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 8,9 млрд. теңге бөлініп, 165 км шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуден өткізу жоспарлануда. 
Атап айтқанда:
-33,5 шақырым құрылыс және қайта жаңғырту - 2,6 млрд. тенге;
-131,4 шақырым күрделі және орташа жөндеу - 5,2 млрд. тенге;
-Ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау – 1,0 млрд. тенге;
-Жоба-сметалық құжаттар және ТЭН әзірлеуге - 101,4 млн. тенге. 
Сонымен қатар, 4-көпір салу және 2-көпірге қайта жаңғырту және 1-көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2017 жылдың І-ші жарты жылдығына жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге 3 656,1 млн. теңге игеріліп, 28 км жолдар мен көшелер жөндеуден өткізілді, 1 көпір пайдалануға берілді.
2017 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63% болып бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
2017 жылдың 1 тамызына облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдар мен елді мекен көшелері 27,5 км жөнделсе 2 көпір пайдалануға берілді. 
ІІ. Автомобиль көлігі
1. Жолаушы тасымалы. Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) - 109 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 31 маршрут. Сонымен қатар, облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Жібек жолы (Черняевка) және Сарыағаш қалаларына 7 облысаралық автобус маршруты  ұйымдастырылған. 
Осы облыстық маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1645 дана автобуспен (69- облысаралық, 283-ауданаралық, 423 – ауданішілік, 870-қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2017 жылдың 9 айы бойынша болжаммен 260,5 млн. жолаушы тасымалданып, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,6 пайызға артып отыр. Ал жолаушылар айналымы болжаммен 4669,2 млн. жкм. құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 107,8 пайызды құрап отыр. 
Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларына 10,6 млн. теңге демеуқаржы игеріліп, бұл жоспарланған қаржының 60,3% құрап отыр.
Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында 2013 жылы қалалық автобус паркін жаңартудың 2014-2016 жылдарға арналған ІІ кезеңдік жобасы әзірленді.
 Жобаның І-кезеңінде 2014 жылы бюджет қаражаты есебінен қалалық кластағы газомоторлы замануи 20 автобус сатып алынды. 
ІІ-кезеңде «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, Қызылорда қаласы әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде қосымша 92 дана газомоторлы автобус алынды және көгілдір отын өңдейтін шағын станциясы бар жаңа автобус паркі салынуда. 
2014-2016 жылдар аралығында үлкен сыйымдылықтағы барлығы 112 жаңа автобус алынып, қаланың орталық (1,14,11,17,18,30) маршруттарында жолаушыларға қызмет көрсетуде. 
2017 жылдың 15 тамызында қала көлемінде қызмет көрсететін үлкен сыйымдылықтағы автобустарға арналған тұрақтар, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы және автобустардың үздіксіз жұмыс жасауына жағдай жасайтын түрлі мүмкіндіктері қарастырылған жаңа коммуналдық автобус паркінің ашылу салтанаты өтті.
Алдағы міндеттер: 
- облысішілік ауданаралық маршруттардағы автобус паркін қазіргі заман талаптарына сай жаңа автобустармен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізу; 
- жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру.
-жаңа автобус паркінің құрылысының аяқталуына мониторинг жүргізу.
2. Көлік инфрақұрылымы.
Бүгінгі күнге, Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіміне Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 10 автостанса енгізілді. 
Қазақстан Республикасының «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шиелі ауданының Шиелі кентінің жанындағы «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан «Тұлпар» ЖШС-мен автостанция құрылысы салынуда. Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.
Алдағы міндеттер: 
- жолаушылар мен тасымалдаушыларға қазіргі заман талаптарына сай сервистік қызметтердің көрсетілуіне жұмыстар жүргізу. 
ІІІ. Әуе көлігі саласы
1.Жолаушылар тасымалы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.
Осыған сәйкес, бүгінгі күні Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 28 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 11, Алматы қаласына – 12, Қарағанды – 1 рейс, Ақтау-2 және Атырау-2 рейс. 
2017 жылдың 9айы бойынша болжаммен әуежайдан 81,1 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,7 пайызды құрап отыр. 
Бүгінгі күні, әуежайда халықаралық бағыттағы әуе желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс жасалуда.
2. Әуе инфрақұрылымы.
Бүгінгі күні, Қызылорда қаласында жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланып отыр. 
2015 жылдың 14 желтоқсанында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасы «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС - мен (әрі қарай – «МЖӘ» ЖШС) Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын жаңа жолаушылар терминалы құрылысының МЖӘ жобасының тұжырымдамасын (концепция) әзірлеу және жобаны сүйемелдеуге келісім шарт жасалды.
Осы мақсатқа 2015-2017 жылдар аралығында «МЖӘ» ЖШС-нің атқарған жұмысы үшін облыстық бюджеттен 87,0 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
МЖӘ жобасының тұжырымдамасы әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдардың оң қорытындысы алынды. 
Бүгінгі  күні, «МЖӘ» ЖШС-мен МЖӘ жобасының конкурс құжаттамалары мен жеке әріптеспен жасалатын келісім шарт жобасы әзірленуде.
2017 жылдың 19 мамырында жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру (Қызылорда облыс әкімдігінің, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ-ның, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның, Еуропалық қайта құру және даму банкіне, ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне ресми-сайттарында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде) жарияланған болатын.
Конкурсқа қатысуға қызығушылық танытқан: «Нұр Астана Кұрылыс»ЖШС-і, «High Vill Kazakhstan» ЖШС-і, «Марубэни» фирмасы (Жапония), «BM TRUST»  ЖШС-і, «ARISTAN EPC» ЖШС-і.
Аталған компаниялардан техникалық ұсыныстар түскен жоқ. Осыған байланысты, конкурс өткізілмеген болып саналады.
2017 жылы 7 қыркүйегінде жекеше әріптесті анықтау үшін қайта конкурс өткізу туралы хабарландыру  жарияланды (Қызылорда облыс әкімдігінің, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ-ның, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның ресми-сайттарында  және баспасөз басылымдарында жарияланды). 
Конкурстың аяқталу мерзімі 2017 жылдың 9 қазан айы.
Алдағы міндеттер: 
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі негізінде Қорқыт ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жобасының іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу;
- Қорқыт ата әуежайы арқылы халықаралық және республикаішілік әуе рейстерін ашуға жұмыстар жүргізу.
3. Темір жол көлігі саласы.
 Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км.-ді құрайды. 
Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 18 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Өзбекстан және Ресей Федерациясы) бағыттағы 6 жұп пойызы өтеді.
Облыс орталығынан 4 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей» № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск», №89/90 «Қызылорда - Астана» (Тальго) пойыздары ұйымдастырылған. 
Сондай-ақ, 2014 жылдың 22 тамызынан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы уақытша пайдалануға қосылған.
Осыған байланысты 2016 жылдың наурыз айында облысаралық №617/618 «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылып, Арал өңірінің темір жол бойында орналасқан елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстырылып отыр.
2017 жылдың 1 шілдесі күні «Қала маңындағы тасымал» АҚ-ның аптасына 5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін екі вагоннан құралған .№ 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жаңа жолаушылар пойызының алғашқы құрамын шығарып салу салтанатты шарасы өтті.
Пойыздың жүру бағыты облысымыздың оңтүстік бағытындағы барлық аудан орталығы мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтиды. 
 «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы  271,3 шақырымды құрайды. Осы темір жол бойында 3 станса (Қарашеген, Абай, Аралық) және 10 бекет (разъезд) (№№19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11, 10) салынып, қолданысқа берілді.
Алдағы міндеттер: 
-Қызылорда облысында темір жол кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізу.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Облыс көлеміндегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2338,879 шқ құрайды, соның 99,153 шқ асфальтобетонды, 1329,136 шқ қарақиыршық тасты, 380,82 шқ қиыршық тасты және 529,77 шқ топырақты жол.
2017 жылы облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу мен жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу сонымен қатар, аудандық маңызы бар «Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» автомобиль жолының Әлсейт участкесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысына барлығы 7 847,579 млн. теңге қаржы қаралды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 2 980,501 млн. теңге және облыстық бюджеттен 4 867,078 млн. теңге.   
Жөнделетін автомобиль жолдары мен көшелердің жалпы ұзындығы 129,33 шқ. Оның ішінде, 32 шқ құрылыс және қайта жаңғырту, 44,3 шқ күрделі жөндеу, 53,03 шқ орташа жөндеу, сондай-ақ 4 көпірдің құрылысы, 2 көпірге қайта жаңғырту және 1 көпірге күрделі жөндеу.  
Республикалық бюджеттен, «Самара-Шымкент-Сазды» автомобиль жолының құрылысына (ұзындығы 10 шқ) шілде айына жоспарланған 2131,0 млн. теңгенің 936,114 млн. теңгесі игерілді, 44 %.  
Аудандық маңызы бар «Казалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» автомобиль жолының 33 –ші шқ Сырдария өзені арқылы салынатын көпір құрылысына бөлінген қаржының игерілмеу себебі осы нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының аяқталмауы, облыстық бюджеттен жоспарланған 1517,296 млн. теңгенің 1384,310 млн. теңгесі игерілді, 91,2 %. 
1. Республикалық бюджеттен 2 980,501 млн. теңге бөлінді. 
1) Құрылыс және қайта жаңартуға 900,0 млн. теңге:
- Қазалы ауданындағы «Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» автомобиль жолының 33 км-дегі Әлсейіт учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысына 500,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Жоспарланған қаржы игерілмеген;
- Арал ауданындағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Сазды» автомобиль жолының құрылысына (10 шқ) 400,0 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Дорстрой» ЖШС-гі. Игерілгені 60,0 млн. теңге (15%).
2) Күрделі жөндеуге 1 764,176 млн. теңге:
-  Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Өркендеу елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын, 3 шқ (0-5,65 шқ) 184,756 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде; 
- Сырдария ауданындағы облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автомобиль жолының 9 шқ-ғы көпірге 47,832 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме «МО-25» ЖШС-гі. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарын жалғастыруға сот істері жүргізілуде;
- Сырдария ауданындағы аудандық маңызы бар «Іңкардария елді мекеніне кіре беріс » 7 шқ автомобиль жолына 290,879 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде; 
- Шиелі ауданындағы облыстық маңызы бар «Ботабай елді мекеніне кіре беріс» 8,9 шқ автомобиль жолына 500,0 млн. теңге бөлініп, 418,519 млн. теңге игерілді (83,7 %). Мердігер мекеме «Стандарт ОИЛ КЗО» ЖШС-гі; 
- Шиелі ауданындағы облыстық маңызы бар «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңакорған» автомобиль жолына, 10 шқ (25-35 шқ) – 141,191 млн. теңге бөлініп, 91,485 млн. теңге игерілді (64,8%). Мердігер мекеме «Дорстрой» ЖШС-гі;
- Жаңақорған ауданындағы облыстық маңызы бар «Жанақорған-Түгіскен-Келинтөбе» 3,5 шқ автомобиль жолына – 221,518 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды. Мердігер мекеме «Қыран» ЖШС-гі;
- Жаңақорған ауданындағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Шалкия» 0,8 шқ автомобиль жолына 100,0 млн. теңге бөлініп, 100,0 млн. теңге немесе 100% игерілді. Мердігер мекеме «Кыран» ЖШС-гі;
- Арал ауданындағы аудандық маңызы бар «Қызылжар елді мекеніне кіре беріс» 7 шқ автомобиль жолына 278,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
3) Орташа жөндеуге 316,325 млн. теңге:
- Арал ауданындағы облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» 11 шқ автомобиль жолына - 275,943 млн. теңге бөлініп, 82 млн. теңге игерілді (30%). Мердігер мекеме «Қыран» ЖШС-гі;
- Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабахы-Бозкөл-Кәукей» 4 шқ автомобиль жолына – 35,666 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мердігер мекеме анықталды «Строймодуль Астана» ЖШС-гі; 
- Сырдария ауданындағы облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Тереңөзек» 1 шқ автомобиль жолына - 13,366 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды. Мердігер мекеме «УАД» ЖШС-гі. 
Жергілікті бюджеттен 4 867,078 млн. теңге бөлінді.
1) Құрылыс және қайта жаңартуға 1 298,707 млн. теңге.
 - Қазалы ауданындағы «Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» автомобиль жолының 33 км-дегі Әлсейіт учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысына – 50,0 млн. тенге бөлінді (қоса қаржыландыру). Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде; 
 - Қазалы ауданындағы «Бозкөл-Тасарық» а.ж. 22 км Қуаңдария өзеніндегі темір көпір құрылысына – 103,323 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Арал ауданындағы аудандық маңызы бар «Қызылжар-Водокачка» 5 шқ автомобиль жолының құрылысына - 208,240 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мердігер мекеме анықталды «Кыран» ЖШС-гі;
- Арал ауданындағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Сазды» 10 шқ автомобиль жолының құрылысына – 40,0 млн. теңге бөлінді (бірлесіп қаржыландыру). Мердігер мекеме «Дорстрой» ЖШС-гі;
- Арал ауданындағы аудандық маңызы бар «Арал-Аэропорт-Жалаңаш» 7 шқ автомобиль жолын қайта жаңғыртуға – 299,290 млн. теңге бөлініп, 20,0 млн. теңге игерілді (7%). Мердігер мекеме «Қыран» ЖШС-гі;
- Жаңақорған ауданындағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Аққұм» 10 шқ автомобиль жолының құрылысына – 214,479 млн. теңге бөлініп, 43,714 млн. теңге игерілді (20%). Мердігер мекеме «Қызылорда жолдары» ЖШС-гі;
- Шиелі ауданындағы облыстық маңызы бар «Айдарлы-Тартоғай» автомобиль жолының 68 шқ-ғы үш көзді су өткізгіш құбырын қайта жаңғыртуға – 13,026 млн. теңге бөлініп, 13,026 млн. теңге игерілді (100%). Мердігер мекеме «Стандарт ОИЛ КЗО» ЖШС-гі;
- Шиелі ауданындағы облыстық маңызы бар «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» автомобиль жолының бойындағы көпірді қайта жаңғыртуға – 42,844 млн. теңге бөлініп, 26,995 млн.теңге игерілді (63%). Мердігер мекеме «Стандарт ОИЛ КЗО» ЖШС-гі;
- Сырдария ауданындағы «Бесарық е.м. кіре беріс» автомобиль жолының Жаңадария каналындағы көпірдің құрылысына - 239,434 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Арал ауданы Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніне қалқымалы көпір салуға - 88,071 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
2) Күрделі жөндеуге 1 751,416 млн. теңге:
- Жалағаш кентіндегі Төле би көшесіне 3,3 шқ - 128,237 млн. теңге бөлініп, 120,764 млн. теңгесі игерілді (94 %). Мердігер мекеме «Қызылорда жолдары» ЖШС-гі. Аяқталу мерзімі 1.09.2017 ж.;
- Тасбөгет кентіндегі 2 көше (Тәуелсиздик, М.Шокай) 2,3 шқ - 167,546 млн. теңге бөлініп, толық аяқталды. Мердігер мекеме «УАД» ЖШС-гі;
- Қызылорда қаласы Қорқыт Ата көшесін Қазыбек би көшесінен "Қызылорда-Жезқазған" трассасына дейін 5,8 шқ - 1 426,365 млн. теңге бөлініп, 1 022,142 млн. теңге игерілді (72 %).  Мердігер мекеме «УАД» ЖШС-гі;
3) Орташа жөндеуге 711,401 млн. теңге бөлінді:
- Сырдария ауданындағы Қоғалыкөл е.м. көшелері 3,63 шқ - 72,902 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Сырдария ауданындағы Жетікөл е.м. көшелері 2,1 шқ – 36,805 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Сырдария ауданындағы Айдарлы е.м. көшелері 2,81 шқ – 55,394 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Сырдария ауданындағы Тереңөзек кентіндегі Қозыбаев көшесі 0,95 шқ – 31,928 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Сырдария ауданындағы Тереңөзек кентінің Қызылдихан көшесі 0,785 шқ – 3,805 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінің 5 көшесі 5,8 шқ – 86,751 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінен Сапарбаев көшесіне дейін айналма жол 1,8 шқ - 69,211 млн. теңге бөлініп, 47,023 млн. теңгесі игерілді (68 %). Мердігер мекеме «УАД» ЖШС-гі;
- Жалағаш кентіндегі Ізтілеуова көшесі 1,2 шқ – 62,305 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Сыржолдары» ЖШС-гі, Аяқталу мерзімі 1.08. 17 ж.;
- Қазалы ауданындағы Түктібаев елді мекені көшелері 3,2 шқ – 56,777 млн. теңге. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Қазалы ауданындағы Қазалы қаласының көшелері 10,7 шқ – 107,569 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Арал ауданы Арал қаласының, ұзындығы 0,73 шқ құрайтын Сапақ би және Ә.Қаюпов көшелеріне – 31,076 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Қызылорда қаласы Әбдіреев көшесінен "Нұр-Орда" мөлтек ауданына, 1,8 құрайтын кіре беріс жолына – 44,882 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
- Сырдария ауданындағы «Самара-Шымкент-Н. Ильясов» 2,5 шқ автомобиль жолына – 41,973 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде;
4) Ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға 1004,177 млн. теңге бөлінді:
Ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары бойынша 1.07.17 жылға 401,9 млн. теңгесі игерілді (40 %).
5) ЖСҚ әзірлеуге 45,031 млн. теңге бөлінді:
- Шіркейлі каналына көпір салу құжаттамасы ЖСҚ мен МС әзірлеу 18,622 млн. теңге бөлініп, жұмыс толық аяқталды. Жобалаушы «Тека -проект» ЖШС-гі;
- Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы  Жалпықалалық маңызы бар 5,5 шқ магистралды көше құрылысы құжаттамасы ЖСҚ мен МС әзірлеу 11,785 млн. теңге бөлініп, 10,195 млн. теңге игерілді (86,5 %). Жобалаушы «Сыр-жоба» ЖШС-гі;
- Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы  Жалпықалалық маңызы бар Сырдария өзені бойымен магистралды 7,7 шқ көше құрылысы құжаттамасына ЖСҚ мен МС әзірлеу 8,674 млн. теңге бөлініп, 8,107 млн. теңге игерілді (93,5 %). Жобалаушы «Сыр-жоба» ЖШС-гі;
- Жалағаш ауданындағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолының бойындағы «Оңтүстік коллектор» көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 5,950 млн. теңге бөлініп, қазіргі кезде жобалаушы анықталды «Проинсет» ЖШС-гі.
І. Автомобиль көлігі
1. Жолаушы тасымалы. Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) - 109 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 31 маршрут. Сонымен қатар, облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Жібек жолы (Черняевка) және Сарыағаш қалаларына 7 облысаралық автобус маршруты  ұйымдастырылған. 
Осы облыстық маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1645 дана автобуспен (69- облысаралық, 283-ауданаралық, 423 – ауданішілік, 870-қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша болжаммен 160,2 млн. жолаушы тасымалданып, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,9 пайызға артып отыр. Ал жолаушылар айналымы болжаммен 2978,9 млн. жолауш./км. құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 106,7 пайызды  құрап отыр.
Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларына 7 млн. теңге демеуқаржы игеріліп, бұл жоспарланған қаржының 43% құрап отыр.
Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында 2013 жылы қалалық автобус паркін жаңартудың 2014-2016 жылдарға арналған ІІ кезеңдік жобасы әзірленді.
Жобаның І-кезеңінде 2014 жылы бюджет қаражаты есебінен қалалық кластағы газомоторлы заманауи 20 автобус сатып алынды. 
ІІ-кезеңде «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, Қызылорда қаласы әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде қосымша 92 дана газомоторлы автобус алынды және көгілдір отын өңдейтін шағын станциясы бар жаңа автобус паркі салынуда. 
2014-2016 жылдар аралығында үлкен сыйымдылықтағы барлығы 112 жаңа автобус алынып, қаланың орталық (1,14,11,17,18,30) маршруттарында жолаушыларға қызмет көрсетуде. 
2017 жылдың шілде айының аяғында жаңа коммуналдық автобус паркінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Алдағы міндеттер: 
- облысішілік ауданаралық маршруттардағы автобус паркін қазіргі заман талаптарына сай жаңа автобустармен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізу; 
- жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру.
-жаңа автобус паркінің құрылысының аяқталуына мониторинг жүргізу.
2. Көлік инфрақұрылымы.
Бүгінгі күнге, Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіміне Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 10 автостанса енгізілді. 
Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шиелі ауданының Шиелі кентінің жанындағы «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан «Тұлпар» ЖШС-мен автостанция құрылысы салынуда. Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.
Алдағы міндеттер: 
- жолаушылар мен тасымалдаушыларға қазіргі заман талаптарына сай сервистік қызметтердің көрсетілуіне жұмыстар жүргізу. 
ІІ. Әуе көлігі саласы
1.Жолаушылар тасымалы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.
Осыған сәйкес, бүгінгі күні Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 33 тұрақты рейс орындалуда (жаз айларында 38 рейске дейін), оның ішінде: Астана қаласына – 14, Алматы қаласына – 14, Қарағанды – 1 рейс, Ақтау-2 және Атырау-2 рейс. 
2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша әуежайдан 48,9 мың жолаушы жөнелтілді, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,0 пайызды құрап отыр. 
Бүгінгі күні, әуежайда халықаралық бағыттағы әуе желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс жасалуда.
2. Әуе инфрақұрылымы.
Облыс әкімдігімен бюджеттен тыс қаржы есебінен «Қызылорда қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы» жобасының сметалық бағасы 7,5 млрд. теңгені құрайтын мемлекеттік сараптамадан өткізілген техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.
Бүгінгі күні, Қызылорда қаласында жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланып отыр. 
Осыған орай, облыс әкімінің бастамасымен 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №871 Қаулысы қабылданды. «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-ның республикалық меншіктегі 100 % мөлшеріндегі акциясы коммуналдық меншікке берілді.
2015 жылдың 14 желтоқсанында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасы «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС - мен (әрі қарай – «МЖӘ» ЖШС) Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын жаңа жолаушылар терминалы құрылысының МЖӘ жобасының тұжырымдамасын (концепция) әзірлеу және жобаны сүйемелдеуге келісім шарт жасалды.
Осы мақсатқа 2015-2017 жылдар аралығында «МЖӘ» ЖШС-нің атқарған жұмысы үшін облыстық бюджеттен 87,0 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
МЖӘ жобасының тұжырымдамасы әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдардың оң қорытындысы алынды. 
Бүгінгі  күні, «МЖӘ» ЖШС-мен МЖӘ жобасының конкурс құжаттамалары мен жеке әріптеспен жасалатын келісім шарт жобасы әзірленуде.
2017 жылдың 19 мамырында жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру басқарманың, Қызылорда облыс әкімдігінің, «KPPF» ЖШС-нің, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ-ның ресми-сайттарында жарияланған және  аталған хабарландыру «Сыр бойы» (01.06.2017ж. №80(19366), «Кызылординские вести» (03.06.2017ж. № 81-82(18.368-18.369) баспасөз басылымдарында да жарияланған болатын. 
Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігіне, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетіне, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-на, Азиаттық даму банкіне, Еуропалық қайта құру және даму банкіне, ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне, Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасына және «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-на аталған хабарландыруды орналастыруға ықпал жасау туралы хаты жолданды.
Қазіргі таңда, осы конкурсқа қатысуға мемлекеттік емес құрылымдар, «Нұр Астана Кұрылыс» ЖШС-і, «High Vill Kazakhstan» ЖШС-інің атынан, сонымен бірге, «Shapoorji Pallonji Kazakhstan» ЖШС-і (Үндістан) мен «Марубэни» фирмасынан (Жапония) жобаға қатысты қосымша ақпарат сұратылды және оларға техникалық ұсыныстарды әзірлеу үшін құжаттардың көшірме пакеттері (ТЭН, техникалық тапсырмалар, тұжырымдама) жолданған болатын.
Алдағы міндеттер: 
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі негізінде Қорқыт ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жобасының іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу;
- Қорқыт ата әуежайы арқылы халықаралық және республикаішілік әуе рейстерін ашуға жұмыстар жүргізу.
ІІІ. Темір жол көлігі саласы.
 Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км.-ді құрайды. 
Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 18 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Өзбекстан және Ресей Федерациясы) бағыттағы 6 жұп пойызы өтеді.
Облыс орталығынан 4 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей» № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск», №89/90 «Қызылорда-Астана» (Тальго) пойыздары ұйымдастырылған. 
Сондай-ақ, 2014 жылдың 22 тамызынан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы уақытша пайдалануға қосылған.
Осыған байланысты 2016 жылдың наурыз айында облысаралық №617/618 «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылып, Арал өңірінің темір жол бойында орналасқан елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстырылып отыр.
2017 жылдың 1 шілдесі күні «Қала маңындағы тасымал» АҚ-ның аптасына 
5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін екі вагоннан құралған .№ 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жаңа жолаушылар пойызының алғашқы құрамын шығарып салу салтанатты шарасы өтті.
Пойыздың жүру бағытында облысымыздың оңтүстік бағытындағы барлық аудан орталығы мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтитын 26 аялдама жоспарланып отыр. 
«Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы  271,3 шақырымды құрайды. 
Осы темір жол бойында 3 станса (Қарашеген, Абай, Аралық) және 10 бекет (разъезд) (№№19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11, 10) салынуда.  
Алдағы міндеттер: 
- Қызылорда облысында темір жол кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізу.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

2017 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 6,5 млрд. теңге бөлініп, 102 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Атап айтқанда

-         32 шақырым құрылыс және қайта жаңғырту;

-         70 шақырым күрделі және орташа жөндеу;

Сонымен қатар 3-көпір салу және 2-көпірге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

ақпарат ретінде:

-         Қазалы ауданының «Әлсейіт» учаскесінде Сырдария өзені арқылы көпір салу 500 млн.теңге (жалпы құны 2 791 млн.теңге);

-         Сырдария ауданындағы «Бесарық елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолының Жаңадария каналындағы көпірдің құрылысы 239,4 млн теңге;

-         Қазалы ауданындағы «Бозкөл-Тасарық» автомобиль жолының 22 км-гі Қуаңдария өзеніндегі темір көпірдің құрылысы 103,3 млн теңге;

-         Шиелі ауданындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойындағы 2 көпірге қайта жаңғырту жұсытарына 55,8 млн теңге.

Қызылорда қаласының даму жоспарына сәйкес Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру мақсатында 2 магистралды көше мен Шіркейлі каналы арқылы көпір салуға ЖСҚ құжаттамасы әзірленуде.

2017 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63% болып бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта аталған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

І. Автомобиль көлігі

1. Жолаушы тасымалы. Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) - 109 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 31 маршрут. Сонымен қатар, облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Жібек жолы (Черняевка) және Сарыағаш қалаларына 7 облысаралық автобус маршруты  ұйымдастырылған.

Осы облыстық маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1407 дана автобуспен (12-облысаралық, 283-ауданаралық, 423– ауданішілік, 689-қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

         2017 жылдың І тоқсаны бойынша болжаммен 75,8 млн. жолаушы тасымалданып, 2016 жылмен салыстырғанда 107,5% пайызға артып отыр. Ал жолаушылар айналымы болжаммен 1412,5 млн. жолауш./км. құрап, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,5% құрап отыр.

         Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларына 2,9 млн. теңге демеуқаржы игеріліп, бұл жоспарланған қаржының 16,3 пайызын құрап отыр.

         Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында 2013 жылы қалалық автобус паркін жаңартудың 2014-2016 жылдарға арналған ІІ кезеңдік жобасы әзірленді.

 Жобаның І-кезеңінде 2014 жылы бюджет қаражаты есебінен қалалық кластағы газомоторлы замануи 20 автобус сатып алынды.

ІІ-кезеңде «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, Қызылорда қаласы әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде қосымша 92 дана газомоторлы автобус алынды және көгілдір отын өңдейтін шағын станциясы бар жаңа автобус паркі салынуда. 

         Осыған сәйкес, бүгінгі күнге барлығы 112 жаңа автобус алынып, қаланың орталық (1,14,11,17,18,30) маршруттарында жолаушыларға қызмет көрсетуде.

         Сонымен қатар, жаңа автобус паркінің құрылысы 2017 жылдың сәуір айының аяғында аяқталады деп күтілуде.

Алдағы міндеттер:

- облысішілік ауданаралық маршруттарда қазіргі заман талаптарына сай жаңа автобустармен қамтамасыз етілу бағытында жұмыстар жүргізу;

- жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру.

-жаңа автобус паркінің құрылысын аяқтауға жұмыстар жүргізу.

2. Көлік инфрақұрылымы.

         Бүгінгі күнге, Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіміне Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 10 автостанса енгізілді.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шиелі ауданының Шиелі кентінің жанындағы «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан «Тұлпар» ЖШС-мен автостанция құрылысы салынуда. Құрылыс жұмыстары  2017 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.

Алдағы міндеттер:

- жолаушылар мен тасымалдаушыларға қазіргі заман талаптарына сай сервистік қызметтердің көрсетілуіне жұмыстар жүргізу.

         ІІ. Әуе көлігі саласы

1.Жолаушылар тасымалы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.

         Осыған сәйкес, бүгінгі күні Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 28 тұрақты рейс орындалуда (жаз айларында 38 рейске дейін), оның ішінде: Астана қаласына – 11, Алматы қаласына – 12, Қарағанды – 1 рейс, Ақтау-2 және Атырау-2 рейс.

2017 жылдың І тоқсаны бойынша әуежайдан 22,4 мың жолаушы тасымалданып, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92,0 пайызды құрап отыр.

Бүгінгі күні, әуежайда халықаралық бағыттағы әуе желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс жасалуда.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Аэрофлот әуе компаниясының (Ресей) өкілдері «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-на келіп, келіссөздер жүргізілді.

Нәтижесінде,  маусым айында халықаралық Мәскеу-Қызылорда әуе рейсін ашу жоспарланып отыр.

2. Әуе инфрақұрылымы.

         Облыс әкімдігімен бюджеттен тыс қаржы есебінен «Қызылорда қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы» жобасының сметалық бағасы 7,5 млрд. теңгені құрайтын мемлекеттік сараптамадан өткізілген техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

         Бүгінгі күні, Қызылорда қаласында жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланып отыр.

Осыған орай, облыс әкімінің бастамасымен 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №871 Қаулысы қабылданды. «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-ның мемлекеттік меншіктегі 100% мөлшеріндегі акциясы республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілді. 

2015 жылдың 14 желтоқсанында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасы «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС - мен (әрі қарай – «МЖӘ» ЖШС) Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын жаңа жолаушылар терминалы құрылысының МЖӘ жобасының тұжырымдамасын (концепция) әзірлеу және жобаны сүйемелдеуге келісім шарт жасалды.

Осы мақсатқа 2015-2017 жылдар аралығында «МЖӘ» ЖШС-нің атқарған жұмысы үшін облыстық бюджеттен 87,0 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

МЖӘ жобасының тұжырымдамасы әзірленіп, оң қорытынды алынды.  Бүгінгі  күні, «МЖӘ» ЖШС-мен МЖӘ жобасының конкурс

құжаттамалары мен жеке әріптеспен жасалатын келісім шарт жобасы әзірленуде.

Алдағы міндеттер:

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі негізінде Қорқыт ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жобасының іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу;

- Қорқыт ата әуежайы арқылы халықаралық және республикаішілік әуе рейстерін ашуға жұмыстар жүргізу.

         ІІІ. Темір жол көлігі саласы.

 Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км.-ді құрайды. 

         Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 18 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Андижан, Өзбекстан, және Ресей Федерациясы) бағыттағы 6 жұп пойызы өтеді.

         Облыс орталығынан 4 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей» № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск» және №89/90 «Қызылорда-Астана» (Тальго) пойыздары ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, 2014 жылдың 22 тамызынан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы уақытша пайдалануға қосылғаннан кейін, 2016 жылдың наурыз айынан №617/618 «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылып, Арал өңірінің темір жол бойында орналасқан елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстырылып  отыр.

«Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы  271,3 шақырымды құрайды. Осы темір жол бойында 3 станса (Қарашеген, Абай, Аралық) және 10 бекет (разъезд) (№№19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11, 10) салынуда. 

Алдағы міндеттер:

-     Қызылорда облысында темір жолы бойынша мониторинг жүргізу.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2016 жылы  атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

2016 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы көлемі 11 056 млн. теңге бөлініп, 311,35 км жолдар мен көшелер жөндеуден өткізілді.

-         республикалық бюджеттен 6 278,3 млн. теңге;

-         облыстық бюджеттен 4 777,6 млн. теңге;

-         аудандық бюджеттен 821,5 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күнге облыс бойынша жоспарланған 17 нысанда жол жөндеу жұмыстары аяқталып, бөлінген қаражат толық игерілді.

1) Көпір құрылысы – 2 852 837,0 мың теңге;

2) Жолдарды қайта жаңарту 27,22 км – 2 572 267,0 мың теңге;

3) Күрделі жөндеу 35,6 км – 1 118 609,0 мың теңге;

4) Орташа жөндеу 248,54 км – 3 526 938,0 мың теңге;

5) Ағымдағы жөндеу 2246 км - 790 479,2 мың теңге.

6) Техника-экономикалық негіздемесі – 194 809,0 мың теңге;

Жыл қорытындысымен нысаналы индикатор бойынша Меморандумда бекітілген 62,5% көрсеткішке қол жеткізілді. Сонымен қатар Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінің көше-жолдары инфрақұрылымын жайластырудың техника-экономикалық негіздемесінің мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

2017 жылда атқарылатын міндеттер

Басқармамен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша сметалық құны 3 929 508,0 мың теңгені құрайтын6 жобаға бюджеттік өтінім тапсырылды.

Оның 2017 жылға қолдау тапқаны 2 жоба (Қазалы ауданының Әлсейіт учаскесіндегі көпір құрылысы, 500,0 млн. тг: Арал ауданының «Самара-Шымкент-Сазды» жолының құрылысы,400,0 млн тг), құны  900,0 млн. теңге.

2017 жылыға жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы көлемі 5 488,5 млн. теңге қаралып отыр:

1) Жол Құрылысы 21 км – 927 283,0 мың теңге;

2) Жолдарды қайта жаңарту 10 км – 363 390 мың теңге;

3) Күрделі жөндеу 40 км  – 3 443 753,0 мың теңге;

4) Орташа жөндеу 35 км – 754 099,0 мың теңге;

2017 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63% болып бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта аталған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу шаралары ұйымдастырылуда.

І. Автомобиль көлігі

1. Жолаушы тасымалы.

Бүгінгі таңда, облыс аумағында 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) - 109 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 31 маршрут. Сонымен қатар, облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Жібек жолы (Черняевка) және Сарыағаш қалаларына      7 облысаралық автобус маршруты  ұйымдастырылған.

Осы облыстық маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1407  дана автобуспен (12-обылысаралық, 283-ауданаралық, 423– ауданішілік, 689-қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

2016 жыл бойынша (болжам бойынша) 332,3 млн.  жолаушы тасымалданып, 2015 жылмен салыстырғанда 109,0% пайызға артып отыр. Ал жолаушылар айналымы (болжам бойынша) 5904,5 млн. жолауш./км. болып, 2015 жылмен салыстырғанда 109,0%  құрап отыр. 

Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына бөлінген 17,6 млн. теңге демеуқаржы толығымен (100 пайыз) игерілді.

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында қалалық автобус паркін жаңартудың 2013 жылы арналған ІІ кезеңдік жобасы әзірленді.

 Жобаның І-кезеңінде газомоторлы қазіргі заманға сай қалалық кластағы 20 автобус сатып алынды.

ІІ-кезеңде «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, қала әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде қосымша газомоторлы 92 дана заманауи автобус алынды және көгілдір отын өңдейтін шағын станциясы бар жаңа автобус паркі салынуда. 

2014-2016 жылдары облыс орталығында барлығы 112 жаңа автобус қаланың орталық маршруттарында (1,14,17,18) жолаушыларға қызметін көрсетуде.

Сонымен қатар, жаңа автобус паркінің құрылысы 2017 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.

Алдағы міндеттер:

- облысішілік ауданаралық маршруттарда қазіргі заман талаптарына сай жаңа автобустармен қамтамасыз етілу бағытында жұмыстар жүргізу;

- жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру.

-жаңа автобус паркінің құрылысын аяқтауға жұмыстар жүргізу.

2. Көлік инфрақұрылымы.

Бүгінгі күні, облыстық көлік инфрақұрылымы нысандары тізіліміне      2 автовокзал және 10 автостанса енгізілді.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан орталықтарында автокөлік инфрақұрылымдары объектілері салынуда. Қармақшы ауданының жүргізілді.

2016 жылы Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі ғимаратқа жеке кәсіпкер Б. Ешмуратов автостанция ретінде қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді және Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде  жеке инвестор Натишаева өз қаржысы есебінен аудандық автостанса құрылысын аяқтады.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы Шымбай көшесіндегі бұрынғы қалалық автобус паркіне «Романов и Ко» ЖШС қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, автовокзал ретінде ашылды. Облыс әкімінің өкімімен құрылған арнайы комиссиямен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, Қызылорда облысының автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіліміне енгізілді.

Шиелі ауданының Шиелі кентінің де автостанция құрылысын салу аудан әкімдігімен «Тұлпар» ЖШС анықталып, халықаралық «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан жер учаскесі бөлінген болатын, құрылыс жұмыстары 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп күтілуде.

        Алдағы міндеттер:

- жолаушылар мен тасымалдаушыларға қазіргі заман талаптарына сай сервистік қызметтердің көрсетілуіне жұмыстар жүргізу.

         ІІ. Әуе көлігі саласы

1.Жолаушылар тасымалы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен Қорқыт Ата әуежайына халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.

Осыған сәйкес, бүгінгі күні Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 25 тұрақты рейс орындалуда (жаз айларында 38 рейске дейін), оның ішінде: Астана қаласына – 11, Алматы қаласына – 10, Қарағанды және Өскемен қалаларына – 2 рейстен.

2016 жылы болжам бойынша әуежайдан 101,0 мың жолаушы тасымалданып, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 96,9 пайызды құрап отыр.

Бүгінгі күні, әуежайда халықаралық бағыттағы әуе желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс жасалуда.

2. Әуе инфрақұрылымы.

Облыс әкімдігімен бюджеттен тыс қаржы есебінен «Қызылорда қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы» жобасының сметалық бағасы шамамен 7,5 млрд. теңгені құрайтын мемлкеттік сараптамадан өткізілген техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. 

Бүгінгі күні, Қызылорда қаласында жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланды.

Осыған орай, облыс әкімінің бастамасымен 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №871 Қаулысы қабылданды. «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-ның мемлекеттік меншіктегі 100 % мөлшеріндегі акциясы республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілді. 

2015 жылдың 14 желтоқсанында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасы «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС - мен (әрі қарай – «МЖӘ» ЖШС) Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын жаңа жолаушылар терминалы құрылысының  МЖӘ концепциялық жобасын әзірлеу және сүйемелдеуге келісім шарт жасалды.

Осы мақсатқа 2015-2017 жылдар аралығында «МЖӘ» ЖШС-нің атқарған жұмысы үшін облыстық бюджеттен 87,0 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Жобаны іске асыруға Қытай, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктерінің бірқатар компаниялары қызығушылық білдіріп отырғандығын атап өткен жөн.

    Алдағы міндеттер:

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі негізінде Қорқыт ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы  жобасының іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу;

- Қорқыт ата әуежайы арқылы халықаралық және республикаішілік әуе рейстерін ашуға жұмыстар жүргізу.

         ІІІ. Темір жол көлігі саласы.

Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км.-ді құрайды. 

Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 15 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Қырғызстан, Өзбекстан, және Ресей Федерациясы) бағыттағы 9 жұп пойызы өтеді.

Облыс орталығынан 3 жұп «Қызылорда-Көкшетау», «Қызылорда-Астана» және «Қызылорда-Алматы-Семей» пойыздары ұйымдастырылған. Сондай-ақ 2016 жылдың наурыз айының басында №617/618 «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылып, Арал өңірінің темір жол бойында орналасқан елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстырылып  отыр. 

2014 жылдың 30 желтоқсанынан «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша жылдамдығы 120-140 шақырым/сағат болатын «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы жүргізіліп, жергілікті халықтың игілігіне пайдаланылуда.

2014 жылдың 22 тамызынан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы уақытша пайдалануға қосылды. Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы 271,3 шақырымды құрайды.  Осы темір жол бойында 3 станса (Қарашеген, Абай, Аралық) және 10 бекет (разъезд) (№№19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11, 10) салынуда. 

Алдағы міндеттер:

-     Қызылорда темір жолы бойынша мониторинг жүргізу.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2016 жылғы ІІІ-тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Қызылорда облысы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2246,353 шақырым. Оның ішінде 13 шқ асфальтобетон, 1301,863 шқ қара қиыршық тасты, 381,15 шқ қиыршық тасты және 550,34 шқ топырақты.

 2016 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекен көшелеріне құрылыс, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу, ТЭН әзірлеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 8 912,702 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңде бөлінген қаржының 7 272,510 млн. теңгесі немесе 81% игеріліп,  156,7 шақырым жолдарға қайта салу, күрделі және орташа жөндеу,  Қызылорда қаласындағы Сырдария өзеніне салынатын көпір құрылысын жалғастыру, облыстық маңыздағы жолдарға ағымдағы жөндеу және  күтіп ұстау жұмыстары жүргізіледі. 1 қазанға 75,3 шақырым жол жөндеуден өткізілді. Оның ішінде:

Республикалық бюджеттен 4 973,866  млн. теңге:

1) Құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына  2 791,930 млн. теңге:

- Қызылорда қаласындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысына республикалық бюджеттен  бөлінген 2,6 млрд. теңге бөлініп, 2,2 млрд. теңгесі игерілді (82% ). Мердігер мекеме  «МО-25» ЖШС-гі.

2) Күрделі жөндеу жұмыстарына 1 178,634 млн. теңге бөлініп :

Қазалы ауданындағы 2 шақырым болатын «Самара-Шымкент-Әйтеке би» жолын  күрделі жөндеуге 121,023 млн. теңге бағытталып, 32, 847 млн. тг немесе 27 % игерілді;

- Сырдария ауданындағы облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автомобиль жолының 9 км-гі көпірді күрделі жөндеуге 250,354 млн. теңге бөлініп, ү. ж. 1 қазанына 85,6 млн теңгесі немесе 34% игерілді;

- Аудандық маңызы бар «Қызылжар елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолы (9-16 км) күрделі жөндеуге 144,783 млн теңге бағытталған;

- Шиелі ауданындағы 6,1 шақырым болатын «Ботабай елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын күрделі жөндеуге 370,062 млн. теңге бөлініп 109,487 млн. теңгесі игерілді;

- Жаңақорған ауданындағы 4,1 шақырым болатын «Самар-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» автомобиль жолын күрделі жөндеуге 292,412 млн. теңге бөлініп, 136,877 млн. теңгесі игерілді.

  3) Орташа жөндеу жұмыстарына  591,121  млн. теңге:

- Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабахы-Бозкөл-Каукей»  автомобиль жолын орташа жөндеуге 186,376 млн. теңге бағытталып, 64 550 млн. теңгесі немесе 34% игерілді;

- Сырдария ауданындағы облыстық маңызы бар «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» автомобиль жолын орташа жөндеу 120,545 млн. теңге қаралып, пайдалануға берілді.

- Жалағаш ауданындағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолын орташа жөндеу 146,0 млн. теңге бөлініп, 137,9 млн. тг немесе 94% игерілген;

Жалағаш кентіндегі «Серпін» индустриалық аймағына баратын Н: Алмағамбетов көшесін орташа жөндеуге 66,1 млн. теңге бағытталып,   19,882 млн. тг немесе 30% игерілген.

Шиелі ауданындағы облыстық маңызы бар «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» автокөлік жолын орташа жөндеуге 72,100 млн. теңге қаралып, пайдалануға берілді.

Жергілікті бюджеттен 3 939,173 млн. теңге:

1) Құрылыс, қайта жаңарту жұмыстарына 2 357,100 млн. теңге: 2591,398

- Қызылорда қаласындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысына жергілікті бюджеттен  бөлінген 252,837 млн. теңге; 

- аудандық маңызы бар «Қожабахы-Аранды» автомобиль жолының 7 шақырымын қайта жаңартуға 103,963 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

- Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінен «Қызылорда-Жалағаш» трассасына дейінгі магистральды көше құрылысын Әбілхайыр хан көшесіне дейін түзетуге жобасы бойынша 1 932,933 млн. теңге бөлініп, 1 732,933 млн. теңгесі немесе 88% игерілді.

- Шымбай көшесінен Шевченко көшесін Саламатов көшесіне дейін қайта жаңғыртуға 82,3 млн. теңге бағытталып, көше пайдалануға берілді.

- Сүлейменов көшесін Шымбай көшесінен Айтбаев көшесіне дейін қайта жаңартуға 219,365 млн. теңге бағытталып, пайдалануға берілді.

2) Орташа жөндеу жұмыстарына 85,657  млн. теңге:

- Жосалы кентінің 12 көшесін орташа жөндеуге 54,611 млн. теңге бағытталып, 27,0 млн. тг немесе 49% игерілген. Мердігер мекемесі «Қармақшы Құрылыс» ЖШС. Аяқталу мерзімі 28.10.2016 ж.  

- Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінің көшелерін орташа жөндеуге 20,0 млн. теңге бағытталып, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда;

- Қызылорда қаласы, М. Саламатов көшесін Тоғанас батыр, Н. Шәменұлы, М. Байділдаев, Ә. Қашаубаев, шыны зауытына дейін орташа жөндеуге 11,046 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

Бөлінген қаржыларға: құрылыс – 6 км, қайта жаңғырту - 20,6 км, күрделі жөндеу – 21,7 км, орташа жөндеу – 34,1 км. жөндеу жұмыстары жүргізіледі (барлығы 82,4 км).

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Қызылорда облысы әкімі арасында азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға бағдарланатын және әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өзгерістерді көрсететін түйінді нысаналы индикаторлар бойынша Меморандум бекітілген.

Меморандум  бойынша 2016 жылдың нәтижесімен "Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі - 62,5%" нысаналы индикаторына жету белгіленген.

Яғни, аудан әкімдіктері тарапынан, жол жөндеу жұмыстарын уақытылы, әрі сапалы орындамаса белгіленген индикаторға жетпей қалу қауіпі болуы мүмкін.

Сондықтан, осы мерзімнен бастап мердігерлерден жол жөндеу жұмыстарын уақытылы, әрі сапалы атқаруды талап ету қажет деп санаймын.

1.Жолаушылар көлігі

Қызылорда облысы аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен жалғайтын 215 тұрақты автобус қатынасы, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршрут-71, ауданішілік (кентішілік)-106, қалаішілік-25, қаламаңы және саябақ қатынасы-9 маршрут, сонымен қатар облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Жібек жолы (Черняевка) және Сарыағаш қалаларына 7 облысаралық автобус маршруты  ұйымдастырылған.

Осы облыстық маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1407  дана автобуспен (12-обылысаралық, 283-ауданаралық, 423– ауданішілік, 689-қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

2016 жылдың 9 айында болжам бойынша 233,6 млн.  жолаушы тасымалданып, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,7% пайызға артып отыр. Ал жолаушылар айналымы 4224,5  млн. жолауш./км. болып, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,5 % пайызды құрап отыр. 

Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. 2016 жылдың қаңтар – қыркүйек айларына демеуқаржы мөлшері –12,2 млн. теңгесі игеріліп, бөлінген қаржының 68,9% пайызын құрайды.

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен қалалық автобус паркін жаңартудың 2013-2015 жылдарға арналған ІІ кезеңдік жобасы әзірленген болатын. Жобаның І-кезеңінде газомоторлы отында жұмыс істейтін қазіргі заманға сай қалалық кластағы 20 автобус сатып алынса, ІІ-кезеңде «Байқоңыр ӘКК» АҚ, қала әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі (әрі қарай – ЕҚҚДБ) арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде қосымша 92 дана заманауи автобус алып келу және көгілдір отын өңдейтін кіші станциясы бар жаңа автобус паркін салу көзделген. 

Осыған сәйкес, бүгінгі таңда барлығы 112 жаңа автобус алып келініп қаланың орталық маршруттарында (1,14,17,18) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде. Сонымен қатар, жаңа автоубс паркінің құрылысы үстіміздегі жылдың аяғына дейін аяқталады деп күтілуде.

2. Көлік инфрақұрылымы.

Бүгінгі күні, облыстық көлік инфрақұрылымы нысандары тізіліміне 10 нысан енгізілген: оның ішінде 1 автовокзал және 11 автостанса.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына облысымыздан жеке инвестициялық қаржы есебінен 2015-2017жж. Қызылорда қаласындағы автовокзал,  2015-2017 жж. Қармақшы ауданының Жосалы кентінде және 2016-2018жж. Шиелі ауданының Шиелі кентінде автостанция құрылысын салу жобасы енгізілді. 

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік бағдарлама аясында 2015-2020 жылдар аралығында ауылдық округтарда 34 жолаушыға қызмет көрсету пункті және аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында 42 такси тұрағын салу жоспарланған. Биылғы жылы аялдама пункттерін Қазалы ауданының Ғ.Мұратбаев, Шиелі ауданының Жөлек елді мекендерінде және Жаңақорған ауданының Шалқия кентінде салу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда, автовокзал құрылысы бойынша Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №2811 қаулысымен Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы жол айрығы (развязка) жанынан «Байқоңыр ӘКК» АҚ-на 4,5 мың ш. метр жер учаскесі белгіленіп, инвестор қарастырылуда.  

Қармақшы ауданының Жосалы кентінде автостанция құрылысын салу жобасын аудан әкімдігімен жеке кәсіпкер Б. Ешмуратов анықталып, өз қаржысы есебінен автостанса құрылысы жұмыстарын аяқтады. Бүгінгі таңда, облыс әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №238-ө өкімімен құрылған комиссия зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Қызылорда облысының автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіліміне енгізілді.

Сонымен қатар, жеке инвестордың қаржысы есебінен салынған Сырдария ауданының Тереңөзек кентіндегі  автостанция комиссиямен тиісті  зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін аталған тізілімге енгізілді.

Шиелі ауданының Шиелі кентінің де автостанция құрылысын салу аудан әкімдігімен «Тұлпар» ЖШС анықталып, халықаралық «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан жер учаскесі бөлінген болатын.

Қазіргі таңда, «Тұлпар» ЖШС-мен автостансаның құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде.

         ІІ. Әуе көлігі саласы

1.     Жолаушылар тасымалы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014

жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен Қорқыт Ата әуежайына халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.

Осыған сәйкес, бүгінгі күні Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 24 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 11, Алматы қаласына – 11, Қарағанды қаласына – 2. 

2016 жылдың  9 айында болжам бойынша әуежайдан 74,6 мың жолаушы тасымалданды, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 96,9% пайызды құрап отыр.

2016 жылдың 9 сәуірінен бастап «Qazaq Air» авиакомпаниясымен    «Алматы – Қызылорда – Алматы» бағыты бойынша Q–400  жайлы әуе кемелерімен тікелей рейстер ашылды. Рейстер сейсенбі және сенбі күндері орындалуда.

Облыс әкімдігімен бюджеттен тыс қаржы есебінен «Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминал құрылысы» жобасының сметалық бағасы шамамен 7,5 млрд. теңгені құрайтын ТЭН әзірленіп, жобалау-сметалық-құжаттамасы мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды. 

Әуе терминалының құрылысын ұйымдастыру үшін инвесторларды тарта отырып мемлекеттік-жеке әріптестік механизмі шегінде жобаны іске асыру жоспарланды. Осыған сәйкес, облыс әкімінің бастамасымен 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №871 Қаулысы қабылданды. «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-ның мемлекеттік меншіктегі 100 % мөлшеріндегі акциясы республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілді. 

2015 жылғы 24 тамызда облыс әкімдігімен «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС-мен (Серіктестік) меморандумға қол қойылып, концессиялық конкурс құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2015-2016 жылдар аралығында Серіктестіктің қызметі үшін облыстық бюджеттен 87,0 млн теңге қаржы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аталған жобаға қатысуға Қытай, Біріккен Араб Эмиратының компаниялары және   Еуропалық қайта құру және даму банкі (әрі қарай – ЕҚҚДБ) қызығушылық білдіруде.

ЕҚҚДБ-ның басшылығымен кездесу ұйымдастырылып, ағымдағы жылдың 27 маусымында облыс әкімдігі, ЕҚҚДБ және «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ аралығында қосымша келісім жасалып, тараптармен қол қойылды. Аталған келісім бойынша жобаның 30 пайызын ЕҚҚДБ, 20 пайызын – жергілікті бюджет, 50 пайызын – республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарлануда.    

         ІІІ. Темір жол көлігі саласы.

 Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің ұзындығы 783,3 км.-ді құрайды. 

Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 15 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Қырғызстан, Өзбекстан, және Ресей Федерациясы) бағыттағы 9 жұп пойызы өтеді.

Облыс орталығынан 3 жұп «Қызылорда-Көкшетау», «Қызылорда-Астана» және «Қызылорда-Алматы-Семей» пойыздары ұйымдастырылған.

2016 жылдың наурыз айында №617/618 «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылып, Арал өңірінің темір жол бойында орналасқан елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстырылып  отыр.

Сонымен қатар, Жаңақорған бағытындағы темір жол бойындағы елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстыру үшін Қызылорда-Бесарық-Түркістан темір жол қатынасын ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылдың 30 желтоқсанынан «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы жүргізіліп, жергілікті халықтың игілігіне пайдаланылуда.

2014 жылдың 22 тамызынан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Сексеуіл-Қоскөл темір жол учаскесі уақытша пайдалануға қосылды. Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы 271,3 шақырымды құрайды.

         Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2016 жылғы ІI-тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Қызылорда облысы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2246,353 шақырым. Оның ішінде 13 шқ асфальтобетон, 1301,863 шқ қара қиыршық тасты, 381,15 шқ қиыршық тасты және 550,34 шқ топырақты.

 2016 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекен көшелеріне құрылыс, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу, ТЭН әзірлеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 8 812 702,0 мың теңге бөлінді. Есепті кезеңде бөлінген қаржының 3 053 362,1 мың теңгесі немесе 35,0% игеріліп,  107,7 шақырым жолдарға қайта салу, күрделі және орташа жөндеу,  Қызылорда қаласындағы Сырдария өзеніне салынатын көпір құрылысын жалғастыру, облыстық маңыздағы жолдарға ағымдағы жөндеу және  күтіп ұстау жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде:

Республикалық бюджеттен 4 973,539 млн. теңге:

1) Құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына  2 791,930 млн. теңге:

- Қызылорда қаласындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысына республикалық бюджеттен  бөлінген 2 600,000 млн. теңге; 

- аудандық маңызы бар «Бозкөл-Тасарық» автомобиль жолының 11 шақырымын қайта жаңартуға 191,9 млн. теңге.

2) Күрделі жөндеу жұмыстарына 1 178,634 млн. теңге бөлініп :

- Қазалы ауданындағы 2 шақырым болатын «Самара-Шымкент-Әйтеке би» жолын  күрделі жөндеуге 121,023 млн. теңге;

- Сырдария ауданындағы облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автомобиль жолының 9 км-гі көпірді күрделі жөндеуге 250,354 млн. теңге;

- Аудандық маңызы бар «Қызылжар елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолы (9-16 км);

- Шиелі ауданындағы 6,1 шақырым болатын «Ботабай елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын күрделі жөндеуге 370,062 млн. теңге;  

- Жаңақорған ауданындағы 4,1 шақырым болатын «Самар-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» автомобиль жолын күрделі жөндеуге 292,412 млн. теңге.

  3) Орташа жөндеу жұмыстарына  591,121  млн. теңге:

- Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабахы-Бозкөл-Каукей»  автомобиль жолын орташа жөндеуге 186,376 млн. теңге;

- Сырдария ауданындағы облыстық маңызы бар «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» автомобиль жолын орташа жөндеу 120,545 млн. теңге;

- Жалағаш ауданындағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолын орташа жөндеу 146,0 млн. теңге;

- Жалағаш кентіндегі «Серпін» индустриалық аймағына баратын Н: Алмағамбетов көшесін орташа жөндеуге 66,1 млн. теңге; 

- Шиелі ауданындағы облыстық маңызы бар «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» автокөлік жолын орташа жөндеуге 72,100 млн. теңге;

4) Орташа жөндеу жұмыстарына 411,844  млн. теңге:

- Шиелі ауданындағы аудандық маңызы бар «Шиелі-Жахаев» автомобиль жолын орташа жөндеуге 34,869 млн. теңге;

- Қызылорда қаласындағы Тұрғын үй құрылыс комб. к/б. Жолға 21,386 млн. теңге;

- Қызылорда қаласындағы Астана м/а, Сыр/с көшесінде салынып жатқан көп/қ. Тұр/үйлерге к/б жолға 60,435 млн. теңге;

- Қызылорда қаласындағы  Сәулет м/а Ж. Әбдірахманов көш. Жібек жолы көшесіне дейін жолға 18,372 млн. теңге;

- Қызылорда қаласындағы А. Құнанбаев даңғылына Ә. Бөкейхан көш. Желтоқсан көш/дейін жолға 124,195 млн. теңге;

- Қызылорда қаласындағы М. Саламатов көшесінен Тоғанас батыр, Н. Шәменұлы, М. Бәйділдаев, Ә. Қашаубаев, шыны зауытына дейін жолға 152,587 млн. теңге.

Жергілікті бюджеттен 3 839,173 млн. теңге:

1)    Құрылыс, қайта жаңарту жұмыстарына 2 357,100 млн. теңге:

- Қызылорда қаласындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысына республикалық бюджеттен  бөлінген 252,837 млн. теңге; 

- аудандық маңызы бар «Бозкөл-Тасарық» автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстарына 18,539 млн. теңге;

- аудандық маңызы бар «Қожабахы-Аранды» автомобиль жолының 7 шақырымын қайта жаңартуға 103,963 млн. теңге;

- Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінен «Қызылорда-Жалағаш» трассасына дейінгі магистральды көше құрылысын Ғ. Мұратбаев көшесіне дейін түзетуге 1 732,933 млн. теңге;

- Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінен «Қызылорда-Жалағаш» трассасына дейінгі магистральды көше құрылысын Ғ. Мұратбаев көшесінен Әбілхайыр дейін түзетуге 200,933 млн. теңге;

- Шымбай көшесінен Шевченко көшесін Саламатов көшесіне дейін қайта жаңғыртуға 82,3 млн. теңге;

- Сүлейменов көшесін Шымбай көшесінен Айтбаев көшесіне дейін қайта жаңартуға 219,365 млн. теңге.

2) Күрделі жөндеу жұмыстарына 86,537 млн. теңге:

- Жосалы кентінің Көшербаев көшесін күрделі жөндеуге 86,537 млн. теңге.

3) Орташа жөндеу жұмыстарына 85,657  млн. теңге:

- Жосалы кентінің 12 көшесін орташа жөндеуге 54,611 млн. теңге;

- Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінің көшелерін орташа жөндеуге 20,0 млн. теңге;

- Қызылорда қаласы, М. Саламатов көшесін Тоғанас батыр, Н. Шәменұлы, М. Байділдаев, Ә. Қашаубаев, шыны зауытына дейін орташа жөндеуге 11,046 млн. теңге.

         4) Облыстық және аудандық маңызы бар 2246 шақырым болатын  жолдарға ағымдағы жөндеу, күту  жұмыстарына 798,435 млн. теңге:

5) Қызылорда қаласының Сол жағалау бөлігінің инфрақұрылымын жайластыруға техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге 258,607 млн. теңге.

1.Жолаушылар көлігі

         Қызылорда облысы аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен жалғайтын 215 тұрақты автобус қатынасы, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршрут-71, ауданішілік (кентішілік)-106, қалаішілік-25, қаламаңы және саябақ қатынасы-9 маршрут, сонымен қатар облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған және Сарыағаш қалаларына 4 облысаралық автобус маршруты  ұйымдастырылған.

         Осы облыстық маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1407  дана автобуспен (12-обылысаралық, 283-ауданаралық, 423– ауданішілік, 689-қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

         2016 жылдың 6 айында 149,8 млн.  жолаушы тасымалданып, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,0% пайызға артып отыр. Ал жолаушылар айналымы 2790,2  млн. жолауш./км. болып, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,0 % пайызды құрап отыр. 

         Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. 2016 жылдың қаңтар – маусым айларына демеуқаржы мөлшері –7,471 млн. теңгесі игеріліп, бөлінген қаржының 42,3% пайызын құрайды.

         Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен қалалық автобус паркін жаңартудың 2013-2015 жылдарға арналған ІІ кезеңдік жобасы әзірленген болатын. Жобаның І-кезеңінде газомоторлы отында жұмыс істейтін қазіргі заманға сай қалалық кластағы 20 автобус сатып алынса, ІІ-кезеңде «Байқоңыр ӘКК» АҚ, қала әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі (әрі қарай – ЕҚҚДБ) арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде қосымша 92 дана заманауи автобус алып келу және көгілдір отын өңдейтін кіші станциясы бар жаңа автобус паркін салу көзделген. 

         Автобус паркі (депо) құрылысының және көгілдір отын өңдейтін кіші станциясының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылдың маусым айында 10 автобус алып келінді. Ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін 40 автобус күтілуде.

Жыл аяғына дейін барлығы 82 автобус жеткізіледі деп күтілуде.

Алда тұрған міндеттер:

·              Облыс аумағындағы жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуші қоғамдық  автокөліктерді жаңарту бағытында жұмыстар жүргізу;

2. Көлік инфрақұрылымы.

         Бүгінгі күні, облыстық көлік инфрақұрылымы нысандары тізіліміне 10 нысан енгізілген: оның ішінде 1 автовокзал және 9 автостанса.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына облысымыздан жеке инвестициялық қаржы есебінен 2015-2017жж. Қызылорда қаласындағы автовокзал,  2015-2017 жж. Қармақшы ауданының Жосалы кентінде және 2016-2018жж. Шиелі ауданының Шиелі кентінде автостанция құрылысын салу жобасы енгізілді. 

         Сонымен қатар, аталған мемлекеттік бағдарлама аясында 2015-2020 жылдар аралығында ауылдық округтарда 34 жолаушыға қызмет көрсету пункті және аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында 42 такси тұрағын салу жоспарланған. Биылғы жылы аялдама пункттерін Қазалы ауданының Ғ.Мұратбаев, Шиелі ауданының Жөлек елді мекендерінде және Жаңақорған ауданының Шалқия кентінде салу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда, автовокзал құрылысы бойынша Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №2811 қаулысымен Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы жол айрығы (развязка) жанынан «Байқоңыр ӘКК» АҚ-на 4,5 мың ш. метр жер учаскесі белгіленіп, инвестор қарастырылуда.  

Қармақшы ауданының Жосалы кентінде автостанция құрылысын салу жобасын аудан әкімдігімен жеке кәсіпкер Б. Ешмуратов анықталып, өз қаржысы есебінен автостанса құрылысы жұмыстарын аяқтады. Бүгінгі таңда, облыс әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №238-ө өкімімен құрылған комиссия зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Қызылорда облысының автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіліміне енгізілді.

Сонымен қатар, жеке инвестордың қаржысы есебінен салынған Сырдария ауданының Тереңөзек кентіндегі  автостанция комиссиямен тиісті  зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін аталған тізілімге енгізілді.

         Шиелі ауданының Шиелі кентінің де автостанция құрылысын салу аудан әкімдігімен «Тұлпар» ЖШС анықталып, халықаралық «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан жер учаскесі бөлінген болатын.

         Қазіргі таңда, «Тұлпар» ЖШС-мен автостансаның құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде.

 Алда тұрған міндеттер:

·       Қызылорда қаласындағы автовокзал және Шиелі кентіндегі автостанция құрылыстарының жүргізілуіне ықпал ету;

·       Қазалы ауданының Ғ.Мұратбаев, Шиелі ауданының Жөлек елді

мекендерінде және Жаңақорған ауданының Шалқия кентінде жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің салынуына ықпал ету.

         ІІ. Әуе көлігі саласы

1.     Жолаушылар тасымалы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014

жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен Қорқыт Ата әуежайына халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.

         Осыған сәйкес, бүгінгі күні Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 29 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 14, Алматы қаласына – 13, Қарағанды қаласына – 2. 

         2016 жылдың  6 айында әуежайдан 92,3 мың жолаушы тасымалданды, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110 % пайызды құрап отыр.

         2016 жылдың 9 сәуірінен бастап «Qazaq Air» авиакомпаниясымен    «Алматы – Қызылорда – Алматы» бағыты бойынша Q–400  жайлы әуе кемелерімен тікелей рейстер ашылды. Рейстер сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

         Облыс әкімдігімен бюджеттен тыс қаржы есебінен «Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминал құрылысы» жобасының сметалық бағасы шамамен 7,5 млрд. теңгені құрайтын ТЭН әзірленіп, жобалау-сметалық-құжаттамасы мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды. 

         Әуе терминалының құрылысын ұйымдастыру үшін инвесторларды тарта отырып мемлекеттік-жеке әріптестік механизмі шегінде жобаны іске асыру жоспарланды. Осыған сәйкес, облыс әкімінің бастамасымен 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №871 Қаулысы қабылданды. «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-ның мемлекеттік меншіктегі 100 % мөлшеріндегі акциясы республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілді. 

         2015 жылғы 24 тамызда облыс әкімдігімен «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС-мен (Серіктестік) меморандумға қол қойылып, концессиялық конкурс құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

         Сондай-ақ, 2015-2016 жылдар аралығында Серіктестіктің қызметі үшін облыстық бюджеттен 87,0 млн теңге қаржы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аталған жобаға қатысуға Қытай, Біріккен Араб Эмиратының компаниялары және   Еуропалық қайта құру және даму банкі (әрі қарай – ЕҚҚДБ) қызығушылық білдіруде.

ЕҚҚДБ-ның басшылығымен кездесу ұйымдастырылып, ағымдағы жылдың 27 маусымында облыс әкімдігі, ЕҚҚДБ және «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ аралығында қосымша келісім жасалып, тараптармен қол қойылды. Аталған келісім бойынша жобаның 30 пайызын ЕҚҚДБ, 20 пайызын – жергілікті бюджет, 50 пайызын – республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарлануда.     

Алда тұрған міндеттер:

·       Қызылорда қаласының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жобасын мемлекеттік-жетекшілік әріптестік тетігі негізінде іске асыру үшін Серіктестікпен жұмыстар жүргізу.   

         ІІІ. Темір жол көлігі саласы.

 Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің ұзындығы 783,3 км.-ді құрайды. 

         Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 15 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Қырғызстан, Өзбекстан, және Ресей Федерациясы) бағыттағы 8 жұп пойызы өтеді.

         Облыс орталығынан 3 жұп «Қызылорда-Көкшетау», «Қызылорда-Астана» және «Қызылорда-Алматы-Семей» пойыздары ұйымдастырылған.

         2016 жылдың наурыз айында №617/618 «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылып, Арал өңірінің темір жол бойында орналасқан елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстырылып  отыр.

         Сонымен қатар, Жаңақорған бағытындағы темір жол бойындағы елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстыру үшін Қызылорда-Бесарық-Түркістан темір жол қатынасын ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылдың 30 желтоқсанынан «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы жүргізіліп, жергілікті халықтың игілігіне пайдаланылуда.

         2014 жылдың 22 тамызынан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Сексеуіл-Қоскөл темір жол учаскесі уақытша пайдалануға қосылды. Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы 271,3 шақырымды құрайды.

         Алда тұрған міндеттер:

·      «Қызылорда–Бесарық–Түркістан» темір жол қатынасын ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізу.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2016 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

     Облыс аумағында 2246,353 км құрайтын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бар. Оның 476,14  км облыстық және 1770,213 км аудандық маңызы бар жолдар.                                            

2016 жылы облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендер көшелеріне қайта жаңарту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 4 112 101 мың теңге бөлінді,  ұзындығы 60 км жолдар жөндеуден өтеді.

    Қызылорда қаласындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір өткелі жобасын ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Толық аяқтауға қажетті 2,6 млрд. теңгені республикалық бюджеттен бөлуге ҚР Үкіметінің қаулысы шықты (2016 жылғы 10 наурыздағы №134).

Сырдария өзенінің сол жағалауының көлік инфрақұрылымын жайластыруға техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге (ТЭО) – 258 607,0 мың теңге бөлінді.

Қызылорда қаласы бойынша Махамбетов көшесі (Сұлтан Бейбарыс көшесінен Мұратбаев көшесіне дейінгі аралық) 4,5 км құрайтын айналма жол құрылысы басталды. Мердігері «УАД» ЖШС-і. Құны 1691 917,0 мың теңге. Автомобиль жолымен бірге жаяу жүргінші, велосепед жолы, жарықтандыру және өзен жағалауын бекіту жұмыстары жүргізіледі.

Қазалы ауданының аудандық маңызы бар «Бозкөл-Тасарық», 11 км және «Қожабақы-Аранды», 7 км жолдарына реконструкциялау жұмыстарын аяқтауға республикалық бюджеттен 191 930,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 122 502,0 мың теңге бөлініп, «Қазалы құрылыс» ЖШС-і жұмыстарын бастады.

Жалағаш ауданының аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр», жолының 12,5 км-не, 146 000,0 мың теңге мердігері «Қызылорда жолдары» ЖШС-і және Жалағаш кентіндегі Алмағанбетов көшесіне орташа жөндеуге 66 100,0 мың теңге бөлінді.

Сырдария ауданындағы «Самара-Шымкент-Тереңөзек» жолының 9км-гі апаттық жағдайдағы көпірге күрделі жөндеуге 250 000,0 мың теңге;

 Сырдария ауданындағы «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» жолының 11км-не орташа жөндеуге 120 545,0 мың теңге;

Шиелі ауданындағы «Ботабай ауылына кіреберіс» жолының 6,1 км-не, құны 370 062,0 мың теңге:

Жаңақорған ауданындағы «Самара-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» жолының 5км 350 000,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта аталған жобаларға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Облыстық маңызы бар 476,14 км автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 128 066,0 мың теңге бөлініп, «Қызылорда жолдары» ЖШС-і және «Шиелі жолшы» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды.

Арал ауданындағы облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» жолының 68км ағымдағы жөндеуге қайта конкурс жарияланды.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге – 16 424 мың теңге.

2016 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсатру мақсатында жалпы  16 424,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде: республикалық бюджеттен 9 854,0 мың теңге, ал облыстық бюджеттен 6 570,0 мың теңге қаралған. Қазіргі таңда, дыбыстық жол белгілері және жаяу жүргіншілер өткелдерін қайта қалпына келтіру, жаңадан орнату жұмыстары жүргізіліп, қала және аудан әкімдіктерінің дербес бөлімдері тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда.

Жолаушылар көлігі

         Қызылорда облысы аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен жалғайтын 215 тұрақты автобус қатынасы, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршрут-71, ауданішілік (кентішілік)-106, қалаішілік-25, қаламаңы және саябақ қатынасы-9 маршрут, сонымен қатар облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған және Сарыағаш қалаларына 4 облысаралық автобус маршруты  ұйымдастырылған.

         Осы облыстық маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1407  дана автобуспен (12-обылысаралық, 283-ауданаралық, 423– ауданішілік, 689-қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

         2016 жылдың І – тоқсанында  болжам бойынша 46,820 мың.  жолаушы тасымалданып, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,5% пайызға артып отыр. Ал жолаушылар айналымы болжам бойынша 874,5 млн. жолауш./км. болып, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,5 % пайызды құрап отыр. 

         Ауданаралық маршруттарда өз қаржысы есебінен 2014 жылы 63 автокөлік жаңартылды, бұл тіркелген барлық автокөліктің 22,3 % құрайды (283 дана). 

         2015 жылы 80 автобус жаңартылды, бұл барлық автокөліктің 25% құрайды (321).

         Облыс көлеміндегі автобустардағы жолақы тарифтері тұрақты, 2013 жылдан бері өзгеріссіз қалып отыр.

         Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. 2016 жылдың  І – тоқсанында демеуқаржы мөлшері – 1,922 млн. теңге толық игерілді.

         Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен қалалық автобус паркін жаңартудың 2013-2015 жылдарға арналған ІІ кезеңдік жобасы әзірленген болатын. Жобаның І-кезеңінде газомоторлы отында жұмыс істейтін қазіргі заманға сай қалалық кластағы 20 автобус сатып алынса, ІІ- кезеңде «Байқоңыр ӘКК» АҚ, қала әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі (әрі қарай – ЕҚҚДБ) арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде биыл қосымша 92 дана заманауи қалалық кластағы автобус алып келу және көгілдір отын өңдейтін кіші станциясы бар жаңа автобус паркін салу көзделген. 

         2013 жылғы 20 желтоқсанда Қызылорда облысы әкімдігі, «Байқоңыр ӘКК» АҚ, «Қызылорда автоубс паркі» ЖШС-і және ЕҚҚДБ арасында жобаны қолауға туралы келісім шарт жасалып, «Қызылорда автоубс паркі» ЖШС-і мен ЕҚҚДБ жалпы сомасы 4,17 млрд. теңгені құрайтын 10 жылға несиелік келісім жасалды.

         Коммуналдық автобус паркін салу үшін 2013 жылғы  7 тамыздағы Қызылорда қаласы әкімдігінің №708 қаулысымен Қызылорда қаласының Оңтүстік өндірістік зонасы аумағынан 5,06 га жер учаскесі берілді.

         ЕҚҚДБ-ның испандық кеңесшілерімен жер учаскесіне 100 және 200 автобусты орналастыру үшін бас жоспарының 2 нұсқасы әзірленді.      

         ЕҚҚДБ техникалық гранты есебінен халықаралық «OVE ARUP and Partners, S.A.U» компаниясымен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

         Автобус паркі (депо) құрылысының және көгілдір отын өңдейтін кіші станциясының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.

         2014 жылғы 15 желтоқсанда 2015 жыл бойы газмоторлы 92 автобус алып келу жөнінде келісім жасалды.

         Үстіміздегі жылдың маусым айында 10 жаңа автобус алып келініп, қалаішілік №1 маршрутта жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

         Бүгінгі таңда, автобус паркі құрылысының І-кезеңі бойынша жұмыстар басталды. 

         Облыс көлеміндегі автобустардың жолақы тарифтері тұрақты, 2013 жылдан бері өзгеріссіз қалып.

         Көлік инфрақұрылымы.

         Бүгінгі күні, облыстық көлік инфрақұрылымы нысандары тізіліміне 9 нысан енгізілген: оның ішінде 1 автовокзал және 8 автостанса. Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына облысымыздан 2015-2018 жылдар аралығында жеке инвестициялық қаржы есебінен жүзеге асырылатын: 

2015-2017жж. Қызылорда қаласындағы жалпы сомасы шамамен 700,0 млн.теңгені құрайтын автовокзал салу 

         Қызылорда қаласында автовокзал құрылысы инвесторларды тарту арқылы «Байқоңыр ӘКК» АҚ-мен қаралуда. Бүгінгі таңда, Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №2811 қаулысымен Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы жол айрығы (развязка) жанынан «Байқоңыр ӘКК» АҚ-на 4,5 мың ш. метр жер учаскесі белгіленді.  

         2015-2017 жж. Қармақшы ауданы Жосалы кентінде сметалық бағасы шамамен 80,0 млн.теңгені құрайтын автостанция құрылысын салу Қармақшы ауданы әкімдігімен инвестор – жеке кәсіпкер Б. Ешмуратов анықталып, өз меншігіндегі 7,5 мың ш.м. жер учаскесінде автостанса құрылысын бастады. Бүгінгі таңда, эскиздік жоба бойынша аумағы 18х12 м. автостанса ғимаратының қабырғасы құрылып, 1-ші қабаттың шатыры жабылуда. Автостанса құрылысын аяқтау 2015 жылдың аяғына жоспарланып отыр.    

         2016-2018жж. Шиелі ауданы Шиелі кентінде сметалық бағасы шамамен 80,0 млн.теңгені құрайтын автостанция құрылысын салу Шиелі ауданы әкімдігімен инвестор – «Тұлпар» ЖШС анықталып, халықаралық «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан жер учаскесі бөлінді. Қазіргі таңда, инвестормен автостансаның эскиздік жобасы әзірленді. 3 жоба енгізілген.

         Сонымен қатар, аталған мемлекеттік бағдарлама аясында 2015-2020 жылдар аралығында ауылдық округтарда 34 жолаушыға қызмет көрсету пункті және аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында 42 такси тұрағын салу жоспарланған. Биылғы жылы аялдама пункттерін Қазалы ауданының Ғ.Мұратбаев, Шиелі ауданының Жөлек елді мекендерінде және Жаңақорған ауданының Шалқия кентінде салу жоспарлануда.

         Әуе көлігі саласы

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен Қорқыт Ата әуежайына халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.

         Осыған сәйкес, бүгінгі күні Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 24 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 14, Алматы қаласына – 8, Қарағанды қаласына – 2. 

         2016 жылдың І - тоқсанында әуежайдан болжам бойынша 48 297 жолаушы тасымалданды, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110 %  пайызды құрап отыр.

         2015 жылдың 20 мамырынан  «ТрансАэро» әуе компаниясымен (РФ) халықаралық тұрақты «Мәскеу-Қызылорда» әуе рейсі орындалып келген болатын. 2015 жылдың 26 қазанында аталған компанияның әуе рейсі бойынша қызмет көрсету лицензиясы кері қайтарылып алынған.

         2015 жылдың 21 қазанында «Аэрофлот» әуе компаниясы (Ресей) 2015 жылдың 25 қазанынан бастап «Мәскеу-Қызылорда» әуе рейсін орындау туралы ұсынысын қолдау және келісім шартқа отырып әуежай қызметімен қамтамасыз ету туралы «Қорқыт Ата әуежай» АҚ-на бастамалық хат жолдаған. 

         Облыс әкімдігі тарапынан «Мәскеу-Қызылорда» әуе рейсі бойынша тұрақты түрде қызмет көрсету жөнінде «Аэрофлот» әуе компаниясына хат жіберілді.

         Облыс әкімдігімен бюджеттен тыс қаржы есебінен «Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминал құрылысы» жобасының сметалық бағасы шамамен 7,5 млрд. теңгені құрайтын ТЭН әзірленіп, жобалау-сметалық-құжаттамасы мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды. 

         Әуе терминалының құрылысын ұйымдастыру үшін инвесторларды тарта отырып мемлекеттік-жеке әріптестік механизмі шегінде жобаны іске асыру жоспарланды. Осыған сәйкес, облыс әкімінің бастамасымен 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №871 Қаулысы қабылданды. Бүгінгі күні «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-ның мемлекеттік меншіктегі 100 % мөлшеріндегі акциялары республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру жұмыстары жүргізілуде. 

         2015 жылғы 24 тамызда облыс әкімдігімен «Мемлекеттік-жетекшілік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС-мен (Серіктестік) меморандумға қол қойылды, концессиялық конкурс құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары басталды.

         Концессиялық конкурстық құжаттаманы әзірлеу үшін Серіктестіктің сұрауы бойынша қажетті бастапқы құжаттар Басқарма тарапынан жолданды. 

         Сондай-ақ, 2015-2016 жылдар аралығында қызметі үшін облыстық бюджет есебінен 87,0 млн теңге қаржы жоспарланып отыр. 2015 жылға келісім шартқа отырғаннан кейін, ЖШС-нің жұмыстары 11,5 млн теңгеге жүзеге асырылатын болады. 

         2016 жылдың 9 сәуірінен бастап «Qazaq Air» авиакомпаниясымен    «Алматы – Қызылорда – Алматы» бағыты бойынша Q–400  жайлы әуе кемелерімен тікелей рейстер жоспарлануда. Рейстер сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

         Сонымен қатар, 20 сәуірінен бастап «Skybus» авикомпаниясымен Қызылорда қаласынан Мәскеу (Домодедово) қаласына және мамыр айының соңынан Батуми (Грузия Республикасы) қаласына тікелей чартерлік тұрақты рейсі ашылуы жоспарлануда.

         Темір жол көлігі саласы.

         Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің ұзындығы 783,3 км.-ді құрайды. 

         Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 15 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Ресей Федерациясы) бағыттағы 9 жұп пойызы өтеді.

         Облыс орталығынан 3 жұп «Қызылорда-Көкшетау», «Қызылорда-Астана» және «Қызылорда-Алматы-Семей» пойыздары ұйымдастырылған, сонымен қатар 2 жұп №615/616 «Сексеуіл-Түркістан» және 2016 жылдың наурыз айында №617/618 «Қызылорда - Жезқазған» темір жол  қатынастары ұйымдастырылып, темір жол бойында орналасқан елді мекендердің аудан және облыс орталықтарымен жалғайтын көлік қатынасы болып отыр. 

         2014 жылдың 22 тамызынан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Сексеуіл-Қоскөл темір жол учаскесі уақытша пайдалануға қосылды.  Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы 271,3 шақырымды құрайды. Қолданысқа берілген уақытта 180 адам тұрақты жұмысқа қабылданады.  Сексеуіл стансасында екі пәтерлі 38 тұрғын үй құрылысы жоспарланып, бүгінге 8-і қолданысқа берілді. Сонымен қатар, 2016 жылға 250 орындық балабақша мен мектеп құрылысының аяқталуы жоспарлануда.  Қарашеген, Абай және Промежуточная стансаларында екі пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде және орталықтандырылған энергия постылары бекет құрылысы аяқталу сатысында.Сонымен қатар, 2014 жылдың 30 желтоқсанынан «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы жүргізіліп, жергілікті халықтың игілігіне пайдаланылуда.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 06-04-2018 16:50

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика