Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

 

Басқарманың негізгі функциялары

 

1. Функция:

1) тиісті аумақта жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

2) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;

3) облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп - ұстау жөніндегі барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз етеді;

4) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырады;

5) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекен көшелерін басқарады;

6) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқарады;

7) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

8) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау жөнінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

9) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау жөнінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

10) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялайды;

11) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды айқындайды;

12) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізеді;

13) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

14) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық автомобильмен тасымалдау маршруттарын және жүру кестелерін келіседі;

15) автовокзалдар мен автостанциялардың тізілімін жүргізеді;

16) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді;

17) жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

18) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;

19) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қолданады;

20) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

21) мемлекеттік орган қызметінің сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;

22) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын береді;

23) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;

24) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

25) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау жөнінде жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

26) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

27) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

28) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ  пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

29) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

30) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

31) көлік қызметі субъектілерін аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізеді;

32) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алады;

33) шағын көлемді өздігінен жүзетін кемелерді басқару құқығына куәліктер береді;

34) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;

35) жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарайды, олардың орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар береді;

36) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады;

37) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 19-02-2018 14:03

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика