Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

"Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу” бағытында ашылатын әуәрейсі бойынша мәліметтер

Бүгінгі таңда “Қорқыт ата” әуежайымен аптасына 28 әуерейсі орындалуда (жазғы мезгілде 33 рейске дейін), оның ішінде Астана қаласына – 11 рейс, Алматы қаласына – 12 рейс, Қарағанды қаласына – 1 рейс, Атырау қаласына – 2 рейс және Ақтау қаласына – 2 рейс орындалуда.

2017 жылы “Қорқыт ата” әуежайы арқылы аталған бағыттар бойынша 103,5 мың жолаушы тасымалданып, 2016 жылмен салыстырғанда 6,6%-ға өсіп отыр.

Қазіргі уақытта әуежайдың халықаралық бағыттардағы әуежелілерін дамыту бойынша жұмыстар белсенді атқарылып келеді.

2018 жылдың 15 шілдесінен бастап аптасына 4 рет “Аэрофлот” әуекомпаниясының Airbus-320 әуекөлігімен №1960/1961 “Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу” бағытында әуерейсін ашу жоспарлануда.

Қазіргі сәтте, біздің әуежаймен әуекомпаниялардың әуекөліктеріне жердегі техникалық қызмет көрсетулер бойынша сұрақтар қаралуда.

Сондай-ақ Мәскеуге және Еуропаға әуебилеттерін сататын Агенттік (транзиттік әуерейстердің билеттерін сату үшін кассалар) ашу жоспарлануда. Қосымша “Каз Юнион” туристік фирмасымен жазғы мезгілдерде Қызылордадан Түркияға ұшу бағдарламасының сұрақтары қаралуда және Қазақстан Республикасымен Қырғыз Республикасының халықаралық тасымалдар жөніндегі үкіметаралық келісімдеріне Қызылорданың енгізілгеннін ескере отырып, Бішкек қаласына рейс ашу жөніндегі келіссөздер    “Tez Jet” әуекомпаниясымен жүргізілетін болады.

Марапаттау шарасы өткізілді

2017 жылдың 20 желтоқсан күні сағат 15.30-да облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары С.Ж.Сүлейменовтың басшылығымен  «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесіне орай жолаушылар көлігі және автомобиль жол  құрылысы сала ардагерлері мен майталмандарын кәсіби төс белгілермен, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және 8 қызметкер облыс әкімінің «Алғыс хаттарымен марапатталды. 

«Отбасы үлгідегі балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды

Облыcтық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтің бастамасымен «Туған жерге тағзым» қайырымдылық акциясы аясында жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер мен жол жөндейтін мердігер мекемелердің қолдауымен 2017 жылдың 24 қараша күні «Отбасы үлгідегі балалар ауылының» 45 тәрбиеленушілеріне  Байқоңыр қаласының музейі мен Қорқыт Ата кесенесіне тегін экскурсия ұйымдастыру және әр баланы сыйлықпен қамтамасыз ету шарасын өткізеді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жүргізілді

Облысымызда сыбайлас жемқорлыққа қатысты келеңсіз жағдай фактілерімен, орын алған құқық бұзушылықтармен басқарма қызметкерлеріне ақпараттық оқу өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша түсіндірме жүргізілді.

Заңсыз жолаушы тасымалдаушыларға рейд жүргізілді

Облыс әкімі Қ. Көшербаевтың 2017 жылғы 11 шілдедегі № 01/2-2/4470 хаттамалық тапсырмасына сәйкес облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыстық жерді пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасы, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық көліктік бақылау инспекциясы, облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі және Қызылорда қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен 2017 жылдың 10 қараша күні Қызылорда облысындағы жолаушы тасымалы қызметін жандандыру мақсатында Бөкейхан көшесі, Ескі базар (Аль-Асад сауда үйінің жаны), және Темір жол вокзалының маңындағы тұрақты емес маршруттарына және қалаішілік қоғамдық маршруттарға рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Қазалы ауданының Әлсейіт учаскесінде көпір ашылды

2017 жылдың 4 қараша күні облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен Қазалы ауданының Әлсейіт учаскесінде Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің іргетасын қалау рәсімі өткізілді. Шара барысында  Ұлы Отан соғысының ардагері Қабақ Смағұл алғыс сөз сөйлеп, құрбан шалынды.  

Заңсыз жолаушы тасымалдаушыларға рейдтік жұмыстар жүргізуге қатысты мәжіліс өткізілд

2017 жылғы 3 қарашасында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е. Жаңабаевтың төрағалығымен облыстық көліктік бақылау инспекциясының, облыстық жерді пайдалануын және қорғалуын бақылау басқармасының, қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, облыстық әкімшілік полиция басқармасы мен жергілікті полиция қызметінің жауапты мамандарының қатысуымен Қызылорда қаласында заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысатын тасымалдаушылардың жұмысын тоқтату бойынша рейдтік жұмыстар жүргізуге қатысты мәжіліс өткізілді. 

Онлайн интернет конференция өткізілді

2017 жылдың 11 қазан күні сағат 16:00-де облыстық жолаушылар көлігі жән автомобиль жолдары басқармасымен облыс әкімдігі ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан облыс әкімдігінің баспа-сөз орталығында «Қызылорда облысы аумағында жолаушыларды және багаж тасымалы өзекті мәселесін талқылау туралы» тақырыбында БАҚ өкілдерінің қатысуымен тікелей желі интернет конференциясы өткізілді.

Жол жөндеу туралы

Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесінде жол кетпелісінен жол көлік оқиғалары жиі орын алуда. Осы қолайсыз жағдайды жүйеге келтіру мақсатында облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қызылорда» автомобиль жолын 4 жолақты етіп кеңейтіп, қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылып, жолдың ұзындығы 1,7 км құрап,  ағымдағы жылдың қазан айының соңғы он күндігінде пайдалануға беру жоспарлануда.

Ақпараттық оқу өткізілді

2017 жылдың 27 қыркүйек күні "Облыс аумағында орын алған сыбайлас жемқорлық көріністері туралы" тақырыпта облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлеріне аппараттық оқу өткізілді.

Жаңадан басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е. Жаңабаевтың 2017 жылдың 22 қыркүйектегі № 01-5/26 бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары лауазымына Әбсұлтанов Қайрат Байғабылұлы тағайындалды.

Қ. Әбсұлтанов 2000-2010 жылдар аралығында «Жаңабасшылық» ЖШС-нің директордың орынбасары, Жалағаш аудандық статистика бөлімінің бастығы, Қызылорда облысы статистика басқармасы бастығының орынбасары, «Темір банк» АҚ-ның Қазалы аудандық бөлімшесінің директоры, «Нур-ай» ЖШС-нің директорының қаржы жөніндегі орынбасары, 2010-2017 жылдар аралығында «Қызылорда қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспрекциясы бөлімі» КММ-нің әкімшілік секторының меңгерушісі, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, аралығында «Қызылорда қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспрекциясы бөлімі» КММ-нің басшысы қызметін атқарған.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру» тақырыбында мәжіліс өтті

2017 жылдың 21 қыркүйегі сағат 11:00-де Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Е. Жаңабаевтың төрағалығымен «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру» қажеттілігі мәселесі бойынша әуежай, темір жол вокзалы, автовокзал және автостанса өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өткізілді.

Көлік қызметкерлері арасындағы спартакиада

Қызылорда облсының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет 2017 жылдың 1 тамыз күні «Көлік қызметкерлер күні» кәсіби мерекесіне орай арналған спартакиада өткізілді.

Спартакиадаға жолаушылар тасымалы және автомобиль жол салаларын жүзеге асыратын мекемелердің қызметкерлерінен 7 командадан құрылған. Сондай-ақ,  спартакиада баскетбол, мини футбол, шахмат, үстел теннисі 4 түрлі спорт ойындарынан өткізілді. 

Шахматтан жеңімпаздар:

3-ші орын: «Қазавтожол» Ұлттық компания» Акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалының командасы;

2-ші орын «Қызылорда» автобус паркі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

1-ші орын Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 

Командасы.

«Үздік нәтиже көрсеткені үшін» номинациясымен Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Жұпарбеков Бахытбек марапатталды.

ІІ) Үстел теннисінен жеңімпаздар:

3-ші орын: Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының командасы;

2-ші орын «Қорқыт ата» әуежайы» Акционерлік қоғамының командасы;

1-ші орын  «Қазавтожол» Ұлттық компания» Акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалының командасы.

«Үздік ойыншы» номинациясымен «Қазавтожол» Ұлттық компания» Акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалының қызметкері Абызбаев Данияр марапатталды.

ІІІ)  Баскетболдан жеңімпаздар:

3-ші орын: «Қызылорда» автобус паркі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің командасы;

2-ші орын: Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының командасы;  

1-ші орын: Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының  командасы.

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Қызылорда» автобус паркі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автокөлік жүргізушісі Әбілдаев Ақыл Каленұлы марапатталды.

IV)  Шағын-футболдан  жеңімпаздар:

3-ші орын: «Қазавтожол» Ұлттық компания» Акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалы;

2-ші орын: «Қызылорда» автобус паркі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің командасы;  

1-ші орын: «Қорқыт ата» әуежайы» Акционерлік қоғамының командасы .

«Үздік шабуылшы» номинациясымен «Қорқыт ата» әуежайы» Акционерлік қоғамының өткізу бюросының инспекторы-координатор Сүлейменов Ғани марапатталды.

«Үздік қақпашы» номинациясымен  «Қызылорда» автобус паркі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автокөлік жүргізушісі Нагизбеков Үсен Ибрайұлы марапатталды.

«Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі атап өткізілді

2017 жылдың 4 тамыз күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің міндетін атқарушы Қ. Ысқақовтың қатысуымен «Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп, аймақта осы салаларды дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан мереке иелерін марапаттау рәсімі өткізілді. Атап айтқанда: «Еңбек ардагері» - Бекбаулов Бекқали «Қазалы Жолаушы» ЖШС-нің директоры, Үздік автокөлікші» төс белгісі бойынша –жеке кәсіпкер Мамитнова Ляйла Рахышқызы марапатталды. Сондай-ақ, ҚР Инвестициялар және даму министрінің Алғыс хатымен жеке кәсіпкер Ахметов Алтынбек Райбекұлы, облыс әкімінің «Алғыс хаты» бойынша  44 мейрам иелері  марапатталды.

«Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жаңа жолаушылар пойызы жолға шықты

2017 жылдың 1 шілдесі күні Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Қызылорда қаласы әкімдігі, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның «ГП Қызылорда бөлімшесі» филиалы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қызылорда магистралды желі бөлімшесі» Қызылорда вокзалы және «Қала маңындағы тасымал» АҚ өкілдерінің қатысуымен №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жаңа жолаушылар пойызының алғашқы құрамын шығарып салу салтанатты шарасы өтті.

23 маусым "Мемлекеттік қызметшілер күні " 

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкер Д. Макашеваның ант қыбылдау рәсімі өткізіліп, бөлім басшысы Ж. Айғараева ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Хабарландыру

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әбдіқалықов Ержан Қыпшақбайұлы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу мақсатында 2017 жылдың 29 маусым күні 12:00-13:00 аралығында Қармақшы ауданы, 16:00 - 17:00 аралығында Жалағаш ауданы тұрғындарымен жеке қабылдау (кездесулер) өткізетіндігін хабарлаймыз.

Өтетін орны: Қармақшы ауданы әкімдігі, Жалағаш ауданы әкімдігі

Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

2017 жылдың 12 – 22 маусым аралығында Облыс әкімдігінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасындағы өткізілген дәстүрлі спартакиадаға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері қатысты.

Марапаттау туралы

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманы А. Әбдіраман «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты облыстық байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

Қызығушылық танытатын тұлғаларға!

Басқарма басшысының орынбасары Балибаев Ерлан Маратұлының төрағалығымен  2017 жылдың 19 сәуір күні қала және аудан ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қатысуымен басқармамен көрсетілетін қызметтер бойынша жиналыс өткізіліп, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру және халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тағайындау туралы

Қызылорда облысының  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының м.а. Е. Жаңабаевтың 2017 жылдың 06 сәуіріндегі № 04-17 шешіміне сәйкес «Қорқыт Ата әуежайы» акционерлік қоғамының Президенті болып Ни Константин Борисович тағайындалды. 

Жеке қабылдау өткізілді

2017 жылдың 12 cәуір күні «Нұр Отан» Партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының м.а. Жұпарбеков Бахытбек жеке және заңды тұлғалар үшін қоғамдық қабылдау өткізді.

Брифинг өткізілді

2017 жылдың 17 наурыз күні Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаңабаев Ерлан Мақсотұлының қатысуымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша атқарылатын міндеттер туралы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді.

Жаңа басқарма басшысының орынбасары жұмысқа қабылдануы туралы

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е. Балибаевтың 2016 жылдың 29 желтоқсандағы № 01-5/32 бұйрығына сәйкес басқарма басшысының орынбасары уақытша бос лауазымына Жаңабаев Ерлан Мақсотұлы қабылданды.

      Е. Жаңабаев 2006-2011 жылдар аралығында Атырау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, 2011-2015 жылдары Атырау облысының Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, осы аудан әкімі қызметкерін атқарған.

 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен наградтау туралы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесіне орай, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М. Бәйімбетов 2016 жылдың 15 желтоқсан күні ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен басқарманың бөлім басшысы Б. Жұпарбековті және бас маман С. Исмаиловты «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградтады.

Төс белгімен марапаттау туралы

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының міндетін атқарушы Е. Балибаев 2016 жылдың 20 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Инвесторлар және даму министрлігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №800-қ бұйрығына сәйкес Айкупешов Мұрат Маликаждарұлын «Құрметті жолшы» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Инвесторлар және даму министрлігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №780-қ бұйрығына сәйкес Жүнісов Жаппасбайды «Үздік автокөлікші» төсбелгісімен марапаттады.

 Қызылорда қаласында Сырдария өзені арқылы өтетін көпір пайдалануға берілуі туралы

2016 жылдың 13 желтоқсан күні Ұлы Отан соғысының ардагері Тәнеш Оразов, облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Вице-министрі Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы және облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Имандосов Самұрат Жұманұлының қатысуымен Қызылорда қаласында Сырдария өзені арқылы өтетін көпір пайдалануға берілді.

Көпір құрылысы ҚР Өңірлік даму министрлігінің «Өңірлік даму» бағдарламасы аясында РБ  90 пайыз, ОБ 10 пайыз көлемінде қаржыландырылды.

Жобаның жалпы сметалық құны – 5,975 млрд. теңге, шарт бойынша құны – 5,8 млрд.теңгені құрайды.

Көпір құрылысы 2014 жылдың шілде айында басталып,

2016 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

Мердігер «Мостостроительный отряд № 25 им. Рязанов А» ЖШС.

Көпірдің ұзындығы 386,82 метр, ені 22,4 метр. Көпір 9 тіректен (опора) және 8 аралықтан (пролет) құралған. Көпірдің жүру бөлігі  14 метр, 4 қозғалыс жолағы бар. Жүк көтергіш қуаттылығы 180 тонна.

2016 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджі

        Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен семинарларға кадр қызметкерлері қатысты.

        Сондай-ақ, басқармада ай сайын ақпараттық оқулар және жылына бір рет Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен құқықтық оқулар өткізіліп тұрады. Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында стенд ілінген. 2016 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша басқарма қызметкерлері бойынша Әдеп Кодексі талаптарының сақталуы бойынша өтініштер түскен жоқ.

«Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы туралы

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Балибаев Ерлан Маратұлы Титов қыстағының М.Көкенов көшесінде орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы № 173 мектеп түлектеріне құттықтау айтып, басқарма тарапынан  «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы негізінде қайырымдылық көрсетілді.

«Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі туралы

Өздеріңізге белгілі, Елбасы Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесіне сәйкес тамыздың бірінші жексенбісі – «Көлік қызметкерлері күні» болып белгіленген.

Атаулы кәсіби мереке қарсанында облыстағы көлік саласының дамуына ерекше үлес қосып, қажырлы еңбегімен көзге түскен автомобиль, әуе, темір жол, көлігі ұйымдары қызметшілерін  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Құрметті автокөлікші» төс белгісімен, «Үздік автокөлікші» төс белгісімен, «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен» және «Құрметті жолшы» марапаттарымен сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен» жалпы 70 адам марапатталды.

Соның ішінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлеріде марапатталды:

Бәйімбетов Марат Серікбайұлы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Құрмет грамотасымен»

Жұпарбеков Бахытбек Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Алғыс хатымен»

Қуанышбаев Нұртай «Құрметті жолшы» төс белгісімен марапатталды.

Шын жүректен марапат иелерін құттықтаймыз !

2016 жылдың ІІ тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджі

        Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен семинарларға кадр қызметкерлері қатысты.

        Сондай-ақ, басқармада ай сайын ақпараттық оқулар және жылына бір рет Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен құқықтық оқулар өткізіліп тұрады. Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында стенд ілінген. 2016 жылдың ІІ тоқсаны бойынша басқарма қызметкерлері бойынша Әдеп Кодексі талаптарының сақталуы бойынша өтініштер түскен жоқ.

2016 жылдың І тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджі

        Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен семинарларға кадр қызметкерлері қатысты.

        Сондай-ақ, басқармада ай сайын ақпараттық оқулар және жылына бір рет Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен құқықтық оқулар өткізіліп тұрады. Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында стенд ілінген. 2016 жылдың І тоқсаны бойынша басқарма қызметкерлері бойынша Әдеп Кодексі талаптарының сақталуы бойынша өтініштер түскен жоқ.

2015 жылғы мемлекеттік қызметтің имиджі

        Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен семинарларға кадр қызметкерлері қатысты.

        Сондай-ақ, басқармада ай сайын ақпараттық оқулар және жылына бір рет Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен құқықтық оқулар өткізіліп тұрады. Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында стенд ілінген. 2015 жылы басқарма қызметкерлері бойынша Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталуы бойынша өтініштер түскен жоқ.

2015 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджі

        Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен семинарларға кадр қызметкерлері қатысты.

        Сондай-ақ, басқармада ай сайын ақпараттық оқулар және жылына бір рет Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен құқықтық оқулар өткізіліп тұрады. Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында стенд ілінген. 2015 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша басқарма қызметкерлері бойынша Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталуы бойынша өтініштер түскен жоқ.

2015 жылдың ІІ тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджі

        Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен семинарларға кадр қызметкерлері қатысты.

        Сондай-ақ, басқармада ай сайын ақпараттық оқулар және жылына бір рет Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен құқықтық оқулар өткізіліп тұрады. Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында стенд ілінген. 2015 жылдың ІІ тоқсаны бойынша басқарма қызметкерлері бойынша Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталуы бойынша өтініштер түскен жоқ.

2015 жылдың І тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтің имиджі

        Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен семинарларға кадр қызметкерлері қатысты.

        Сондай-ақ, басқармада ай сайын ақпараттық оқулар және жылына бір рет Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен құқықтық оқулар өткізіліп тұрады. Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында стенд ілінген. 2015 жылдың І тоқсаны бойынша басқарма қызметкерлері бойынша Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталуы бойынша өтініштер түскен жоқ.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 09-01-2018 12:20

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика