Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы

Электрондық үкімет

 

12-бап. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау Лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектіге, жеке немесе заңды тұлғаға тиісті субъектінің немесе заңды тұлғаның іс-әрекет жасағаны не шешім қабылдағаны туралы белгілі болған кезден бастап, үш айдан кешіктірілмей шағым беріледі. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі субъекті немесе заңды тұлға үшін шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып шығуы мүмкін.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз беруші қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі.

 

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының лауазымды тұлғалардың қабылдау кестесі

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күні

Қабылдау уақыты

Мекен-жайы және байланыс телефондары

Әбдіқалықов Ержан Қыпшақбайұлы

Басқарма басшысы

Жұма

11-00

13-00

Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1

605475

Әбсұлтанов Қайрат Байғабылұлы

Басқарма басшысының  орынбасары

Дүйсенбі

Сәрсенбі

11-00

13-00

Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1

605474

Тілеуов Дамир Маратұлы

Басқарма басшысының  орынбасары

Сейсенбі

Бейсенбі

11-00

13-00

Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1

605473

 

Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері жөніндегі ақпаратты ұсынатын уәкілетті тұлға туралы мәлімет

 

Аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

Төребаева Гүлжаухар Жазылбекқызы

Ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы

 

Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1

 

8 (7242) 60-54-76


2018 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша атқарылған

жұмыстардың талдау анықтамасы

 

Есепті кезеңде басқармаға барлығы 97 өтініш келіп түскен. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14% пайызға төмен (2017 жылдың ІІІ тоқсанымен барлығы 113 өтініш қаралған).

97 өтініштің 72 жеке, 20 заңды тұлғалардан, облыс әкімдігінің веб-порталы бойынша 5 өтініш тіркелген.

Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша:

Жеке тұлғалардан келіп түскен 72 өтініштің 71 – қаралып, заңға сәйкес арыз иелеріне жауап жолданған, 1 өтініш орындалу үстінде.

Барлық 72 өтініштің 56 - жеке тұлғалардан келіп түссе, ұжымдық өтініштер саны – 16.

Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

Заңды тұлғалардан келіп түскен 20 өтініштің 19 қаралып, заңға сәйкес арыз иелеріне жауап жолданған, 1 өтініш орындалу үстінде.

Барлық 20 өтініштің 18 - заңды тұлғалардан келіп түссе, ұжымдық өтініштер саны – 2.

Веб порталға келіп түскен өтініштер бойынша

Веб-порталға келіп түскен өтініштер саны 5. Аталған өтініштер басқармада қаралып, өтініш иесіне заңға сәйкес жауап берілді.

Жалпы түскен 97 өтініштердің ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі - 67 (69%) автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 21 (22%) әлеуметтік сала бойынша - 9 (9 %) өтініштерімен жүгінген.

Басқарма бойынша барлық өтініш бақылауға алынып, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары беріліп тиісті жұмыстар жүргізілді. 


2018 жылдың ІІ тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 

2018 жылдың ІІ тоқсаны бойынша барлығы 25 өтініштер басқармада тіркелген. 25 өтініштің 16 жеке және 3 заңды тұлғалар, облыс әкімдігінің веб-порталы бойынша 2 өтініш және ауызша тұлғалар бойынша 4 (жеке қабылдау).

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2018 жылдың ІІ тоқсаны бойынша барлығы 16 өтініш тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 арызға немесе 81 % артқан (2017 ж. ІІ тоқсанында - 13 арыз тіркелген).

Барлық 16 – өтініштер, жеке тұлғалардың – 11, ұжымдық өтініштер саны-5. Олардың 3 – өтініш қаралу үстінде, 13- өтінішке қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берілді.

Заңды тұлғалар өтініштері бойынша

2018 жылғы есепті кезеңге басқармаға барлығы 3 - заңды тұлғаның өтініш тіркеліп, 3- өтініш уақытылы жауап берілді. (2017 жыл ІІ тоқсаны бойынша-1 өтініш тіркелген)

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

2018 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланды.

2018 жылдың ІІ тоқсан қортындысы бойынша басқарма басшылығымен 4 жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне қабылдау өткізілді (жеке тұлға 2 азаматқа және 1 заңды тұлға, ұжымдық-1). Жеке қабылдаудың 3 - не ауызша түсініктемелер берілсе, 1 – жазбаша жауап берілді.

Веб порталға келіп түскен өтініштер бойынша

2018 жылдың ІІ тоқсан бойынша веб-порталға келіп түскен өтініштер саны 2, өтініштердің барлығы мерзімінде және сапалы жауабымен веб-порталға ілінді.

Жалпы түскен 25 – өтініштердің ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша – 23 (92 %), автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі – 2 (8 %), өтініштерімен жүгінген.

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары берілді.


2018 жылдың  І тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 
2018 жылдың І тоқсаны бойынша барлығы 48 өтініштер басқармада тіркелген. 48 өтініштің 19 жеке және 4 заңды тұлғалар, облыс әкімдігінің веб-порталы бойынша 2 өтініш және ауызша тұлғалар бойынша 23 (жеке қабылдау).
Жеке тұлғалар өтініштері бойынша
Басқармаға 2018 жылдың І тоқсаны бойынша барлығы 19 өтініш тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 арызға немесе  79 % артқан (2017 ж. І тоқсанында - 15 арыз тіркелген).
Барлық 19 – өтініштер, жеке тұлғалардың – 13, ұжымдық өтініштер саны-6.
Олардың 5 өтініш құзырлы органның қарауына жолданса, 3 – өтініш қаралу үстінде, 1- арыз иесінің жазбаша нысандағы өтінішіне сәйкес қараусыз қалдырылса, 2- өтініш қанағттандырылды, 1- өтініш қанағаттандырылған жоқ, 7- өтінішке қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берілді.
Заңды тұлғалар өтініштері бойынша
2018 жылғы есепті кезеңге басқармаға барлығы 4- заңды тұлғаның өтініш тіркеліп, 1- өтініш арыз иесінің жазбаша нысандағы өтінішіне сәйкес қараусыз қалдырылса, 2- өтініш уақытылы жауап берілып, 1- өтініш қаралу үстінде.
Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)
2018 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.
Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланды.
2018 жылдың І тоқсан қортындысы бойынша басқарма басшылығымен 23 жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне қабылдау өткізілді (жеке тұлға 21 азаматқа және 2 заңды тұлға). Жеке қабылдаудың 14 - не ауызша түсініктемелер берілсе, 1 - азаматтың өтініші құзырлы органның қарауына жолданса, 8 - азаматтың өтініші қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» Қызылорда облыстық партия филиалының 2018 жылға бекіткен жеке қабылдау кестесіне сәйкес басқарма басшылығымен 2018 жылдың 7 ақпанында 1 рет қоғамдық қабылдау өткізіліп, 1 жеке тұлғаны қабылдады.
Веб порталға келіп түскен өтініштер бойынша
2018 жылдың І тоқсан бойынша веб-порталға келіп түскен өтініштер саны 2, өтініштердің барлығы мерзімінде және сапалы жауабымен веб-порталға ілінді. 
Жалпы түскен 48 – өтініштердің ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша – 33 (69 %), автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі – 14 (29,1 %), басқада мәселе бойынша -1 (2 %) өтініштерімен жүгінген.

 

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары берілді.

2017 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 

2017 жыл бойынша барлығы 153 өтініштер басқармада тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 % пайызға немесе 74 арызға артқан (2016 жыл бойынша 79 арыз). 153 өтініштің 71 жеке және 22 заңды тұлғалар, облыс әкімдігінің веб-порталы бойынша 8 өтініш және ауызша тұлғалар бойынша (жеке қабылдау) 52.

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2017 жыл бойынша барлығы 71 өтініш қаралған(2016 жыл  бойынша - 38 арыз тіркелген). Барлық 71 – өтініштер, жеке тұлғалардың – 48, ұжымдық өтініштер саны-23. Олардың 12 өтініш құзырлы органның қарауына жолданса, 57 - өтінішке қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме беріліп, 2-өтініш қаралуда.

Заңды тұлғалар өтініштері бойынша

2017 жыл бойынша басқармаға барлығы 22 (2016 жыл бойынша - 9) заңды тұлғаның өтініші келіп түсіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берілді.

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

2017 жыл бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде. 2017 жыл қортындысы бойынша басқарма басшылығымен 52 жеке тұлғалардың өкілдеріне қабылдау өткізіліп, ауызша түсініктемелер берілді. Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жариялануда.

Веб порталға келіп түскен өтініштер бойынша

2017 жыл бойынша веб-порталға келіп түскен өтініштер саны 8; (2016 жыл бойынша 15). Порталға келіп түскен өтініштердің 7 басқармада қаралып, 1 басқа органға қарауға жіберілді. Жалпы түскен 153 – өтініштердің ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша - 106 (69%) автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 40 (26 %) әлеуметтік сала бойынша-7 (5 %) өтініштерімен жүгінген.

Басқарма бойынша барлық өтініш бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары берілді.


2017 жыл ІІІ тоқсан бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 
2017 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша барлығы 34 өтініштер басқармада тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 65% пайызға немесе 13 арызға артқан (2016 жылдың ІІІ тоқсанына 20 арыз). 
34 өтініштің 28 жеке және 2 заңды тұлғалар  және ауызша тұлғалар бойынша (жеке қабылдау) 3.
Жеке тұлғалар өтініштері бойынша
Басқармаға 2017 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша барлығы 28 өтініш тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17 арызға немесе 254 % пайызға көбейген (2016 ж. ІІІ тоқсанында - 11 арыз тіркелген).
Барлық 28 – өтініштер, жеке тұлғалардың – 16, ұжымдық өтініштер саны-12.
Олардың 3 өтініш құзырлы органның қарауына жолданса, 22 - өтінішке қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме беріліп, 3-өтініш қаралуда.
Заңды тұлғалар өтініштері бойынша
2017 жылғы есепті кезеңге басқармаға барлығы 3 (2016 жылдың ІІІ тоқсаны - 1) заңды тұлғаның өтініші келіп түсіп, мерзімінде түсіндірме берілді.
Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)
2017 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.
Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланып отыр.
2017 жылдың ІІІ тоқсан қортындысы бойынша басқарма басшылығымен 2 жеке тұлғалардың өкілдеріне қабылдау өткізіліп, ауызша түсініктемелер берілді. 
Жалпы түскен 34 – өтініштердің ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша - 29 (85 %) автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 3 (9 %) әлеуметтік сала бойынша -2 (6 %)  өтініштерімен жүгінген.
Басқарма бойынша барлық өтініш бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары берілді.

2017 жыл ІІ тоқсан бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 

2017 жылдың ІІ тоқсаны бойынша барлығы 31 өтініштер басқармада тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,7% пайызға немесе 23 арызға артқан (2016 жылдың ІІ тоқсанына 8 арыз).

31 өтініштің 16 жеке және 1 заңды тұлғалар, облыс әкімдігінің веб-порталы бойынша 2 өтініш және ауызша тұлғалар бойынша (жеке қабылдау) 12.

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2017 жылдың ІІ тоқсаны бойынша барлығы 16 өтініш тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 арызға немесе 77% пайызға көбейген (2016 ж. ІІ тоқсанында - 7 арыз тіркелген).

Барлық 16 – өтініштер, жеке тұлғалардың – 13, ұжымдық өтініштер саны-3.

Олардың 5 өтініш құзырлы органның қарауына жолданса, 11 - өтінішке қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берілді.

Заңды тұлғалар өтініштері бойынша

2017 жылғы есепті кезеңге басқармаға барлығы 1 (2016 жылдың ІІ тоқсаны - 1) заңды тұлғаның өтініші келіп түсіп уақытылы жауап берілді.

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

2017 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланып отыр.

2017 жылдың ІІ тоқсан қортындысы бойынша басқарма басшылығымен 12 жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне қабылдау өткізілді (жеке тұлға 7 азаматқа және 5 заңды тұлға). Жеке қабылдаудың 11-не ауызша түсініктемелер берілсе, 1 азаматқа жазбаша түсініктемелер берілді.

Веб порталға келіп түскен өтініштер бойынша

2017 жылдың ІІ тоқсан бойынша веб-порталға келіп түскен өтініштер саны 2; (2016 жыл ІІ тоқсанында 1 өтініш). Порталға келіп түскен өтініштердің барлығы мерзімінде және сапалы жауабымен веб-порталға ілінді.

Жалпы түскен 31 – өтініштердің ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша - 18 (58 %) автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 13 (42%) өтініштерімен жүгінген.

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары берілді.


2017 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен

І тоқсан бойынша жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 

2017 жылдың І тоқсаны бойынша барлығы 49 өтініштер басқармада тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 67% пайызға немесе 32 арызға артқан (2016 жылдың І тоқсанына 16 арыз).

49 өтініштің 15 жеке және 8 заңды тұлғалар, облыс әкімдігінің веб-порталы бойынша 6 өтініш және ауызша тұлғалар бойынша (жеке қабылдау) 20.

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2017 жылдың І тоқсаны бойынша барлығы 15 өтініш тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 арызға немесе 47% пайызға көбейген (2016 ж. І тоқсанында - 8 арыз тіркелген).

Барлық 15 – өтініштер, жеке тұлғалардың – 12, ұжымдық өтініштер саны-3.

Олардың 2 өтініш құзырлы органның қарауына жолданса, 13 - өтінішке қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берілді.

Заңды тұлғалар өтініштері бойынша

2017 жылғы есепті кезеңге басқармаға барлығы 8 (2016 жылдың І тоқсаны - 5) заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсіп, 3 өтінішке немесе 38 % артты.

Заңды тұлғалардың жүгінулерінің 7 өтініш басқармада қаралып, түсініктеме беріліп, 1 өтініштің мерзімі ұзартылып, уақытында жауап берілді.

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

2017 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланып отыр.

2017 жылдың І тоқсан қортындысы бойынша басқарма басшылығымен 20 жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне қабылдау өткізілді (жеке тұлға 14 азаматқа және 6 заңды тұлға). Жеке қабылдаудың 15-не ауызша түсініктемелер берілсе, 5 азаматқа жазбаша түсініктемелер берілді.

         Веб порталға келіп түскен өтініштер бойынша

2017 жылдың І тоқсан бойынша веб-порталға келіп түскен өтініштер саны 6; (2016 жыл І тоқсанында 2 өтініш). Порталға келіп түскен өтініштердің 4 басқармада қаралып, 1 басқа органға қарауға жіберіліп, 1 өтініштің мерзімі ұзартылды.

Жалпы түскен 49 – өтініштердің ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша - 36 (74 %) автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 9 (18 %),  және басқада мәселе бойынша 4 (8 %) өтініштерімен жүгінген.

 

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары берілді.


2016 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 

2016 жыл бойынша барлығы 77 өтініш-арыздар өндірісте болды. Өткен жылмен салыстырғанда 30 арызға, немесе 38,96 % азайған. 77 арыздың 39 жеке және 9 заңды тұлғалар, 16 өтініш ауызша түрде,13 веб портал бойынша келіп түскен өтініштер.

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2016 жыл бойынша барлығы 39 өтініш тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 (5,1 пайыз %), арызға аз түскен (2015 ж - 41 арыз).

Барлық 39 – өтініштер, ұжымдық арыздар саны-11, жеке арыздар саны 28.

Олардың 8 өтініш құзырлы органның қарауына жолданса, 27 - өтінішке заңға сәйкес түсініктеме беріліп, 4 өтініш толықтай қанағаттандырылып жауап берілді.

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары берілді.

Жалпы түскен арыздардың ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша 22 (56 пайыз%), автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 13 (33,3 пайыз %), кадр қызметі бойынша -4 (10,2 пайыз %) жүгінген.

Заңды тұлғалар өтініштері бойынша

2016 жылғы есепті кезеңге басқармаға барлығы 9 (2015 жыл 35 арыз) заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсіп, 26 өтінішке азайғандығы анықталды.

Өтініштердің басым көпшілігі жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі – 7, автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу–1, мемлекеттік сатып алу 1  мәселелері бойынша жүгінген.

Заңды тұлғалардың жүгінулерінің 9 өтініш басқармада қаралып, 6 - түсініктеме беріліп, 3 өтініш құзырлы органдарға қарауға жіберілді.

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

2016 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланып отыр.

2016 жылдың есепті кезеңінде басқарма басшысы 12 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. 4 азамат басшы орынбасарының қабылдауында болды. 16 азаматқа қабылдау барысында ауызша түсініктемелер берілді.

Веб порталға келіп түскен өтініштер бойынша

2016 жыл бойынша веб порталға келіп түскен арыздар саны 13 (2016 жыл 5 ) өткен жылмен салыстырғанда 8 арызға көбейіп отыр.

Веб портал бойынша келген өтініштердің көпшілігі жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі – 9 (69,2 пайыз %), автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу -4 (30,8 пайыз ) мәселелері жүгінген.

 

Порталға келіп түскен өтініштердің 8 басқармада қаралып, 5 басқа органдарға қарауға жіберілді.


2016 жылдың IІI тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 

2016 жылдың 10 айы бойынша барлығы 32 өтініш-арыздар өндірісте болды. Өткен жылмен салыстырғанда 36 арызға, немесе 52,6 % азайған .

32 арыздың 25 жеке және 7 заңды тұлғалар.

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2016 жылдың 10 айлық қортындысы бойынша барлығы 25 өтініш тіркелген.

Барлық 25 жүгінудің 17-өтініштер, ұжымдық арыздар - 8.

Олардың 8 өтініші құзырлы органның қарауына жолданса, 17 өтінішке заңға сәйкес түсініктеме берілді.

Қызылорда облысы әкімі аппаратынан 6 қарауға жіберіліп, тиісінше барлық түскен арыздың 54 % құрап отыр.

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімде жауаптар берілді.

Жалпы түскен арыздардың ауқымды бөлігінде автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 10 (41%), жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі 11 (51 %), материалдық көмек сұрау бойынша - 4 (8 %) жүгінген.

Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

2016 жылдың 10 айы бойынша басқармаға барлығы 7 заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті.

Өтініштердің басым көпшілігі жолаушылар тасымалы мен көлік мәселеі-4, иавтомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу-2, құқықтық қамтамасыз ету -1 мәселелері бойынша жүгінген.

Заңды тұлғалардың 6 жүгінулердің 4 өтініш басқармада қаралып,

2-құзырлы органдарға қарауға жіберілді.

Облыстық әкімдігі арқылы 3 өтініш түсіп, мерзімде жауаптары берілді.

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

 

2016 жылдың есепті кезеңінде басқарма басшылығымен 4 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды, 4 азамат басқарма басшысының қабылдауында болып, ауызша түсініктеме берілді.


2016 жылдың IІ тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен

жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 

2016 жылдың II - тоқсаны бойынша барлығы 21 өтініш-арыздар өндірісте болды. Өткен жылмен салыстырғанда 48 арызға, немесе 75,6 % азайған (2015 жылы 69 арыз).

21 арыздың 15 жеке және 6 заңды тұлғалар.

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2016 жылдың 6 айлық қортындысы бойынша барлығы 15 өтініш тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25 арызға аз түскен (2015 жылы 40 арыз).

Барлық 15 өтініштер ұжымдық арыздар-3,  жеке арыздар саны-12.

Олардың 4 өтініші құзырлы органның қарауына жолданса, 8 өтінішке заңға сәйкес түсініктеме берілді.

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімде жауаптар берілді.

Жалпы түскен арыздардың ауқымды бөлігінде автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі-6 (40%), жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі 7 (46,7 %), материалдық көмек сұрау бойынша -2 (13,3 %) жүгінген.

Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

2016 жылдың 6 айы бойынша басқармаға барлығы 6 заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсіп, 17 арыз азайғандағы анықталды.

Өтініштердің басым көпшілігі жолаушылар тасымалы мен көлік мәселеі-4, иавтомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу-1, құқықтық қамтамасыз ету -1 мәселелері бойынша жүгінген.

Заңды тұлғалардың 6 жүгінулердің 4 өтініш басқармада қаралып, 2-құзырлы органдарға қарауға жіберілді.

Облыстық әкімдігі арқылы 2 өтініш түсіп, мерзімде жауаптары берілді.

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

2016 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланып отыр.

 

2016 жылдың есепті кезеңінде басқарма басшылығымен 3 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды, 3 азамат басқарма басшысының қабылдауында болып, ауызша түсініктеме берілді.


2016 жылдың І тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен

жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 

2016 жылдың І тоқсаны бойынша барлығы 16 өтініш-арыздар өндірісте болды. Өткен жылдың салыстырғанда 19 арызға, немесе 45.7% азайған (2015 жылы 35 арыз). 16 арыздың 11 жеке және 5 заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер.

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2016 жылдың І тоқсаны бойынша барлығы 11 өтініш тіркелді. ( 2015 ж – 11 арыз ).

Барлық 11 – өтініштер, ұжымдық арыздар саны-3, жеке арыздар саны 8.

Олардың 4 өтініш құзырлы органның қарауына жолданса, 4 - өтінішке заңға сәйкес түсініктеме беріліп, 3 өтініш толықтай қанағаттандырылып жауап берілді.

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары берілді.

Жалпы түскен арыздардың ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша 7 (64 пайыз%), автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 3 (27 пайыз %), кадр қызметі бойынша -1 (9 пайыз %) жүгінген.

Заңды тұлғалар өтініштері бойынша

2016 жылдың І тоқсаны байынша басқармаға барлығы 5 (2015 жыл 14 арыз) заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсіп, 9 өтінішке азайғандығы  анықталды.

Өтініштердің басым көпшілігі жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі – 3, автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу –1, мемлекеттік сатып алу 1 мәселелері бойынша жүгінген.

Заңды тұлғалардың жүгінулерінің 3 өтініш басқармада қаралып, 2 өтініш құзырлы органдарға қарау жіберілді.

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

2016 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланып отыр.

2016 жылдың І тоқсанында басқарма басшысы 3 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданып, 3 өтінішке толығымен қанағаттандырылып, жауап берілді.


2015 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс

жүргізудің талдау анықтамасы

 

2015 жылдың бойынша барлығы 107 өтініш-арыздар өндірісте болды. Өткен жылдың салыстырғанда 75 арызға, немесе 70% көбейген (2014 жылы 32 арыз).

107 арыздың 41 жеке және 35 заңды тұлғалар, 26 өтініш ауызша түрде,5 веб портал бойынша келіп түскен өтініштер.

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2015 жыл бойынша барлығы 41 өтініш тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18 арызға көп түскен (2014 ж -23 арыз).

Барлық 41 – өтініштер, ұжымдық арыздар саны-18, жеке арыздар саны 23.

Олардың 7 өтініш құзырлы органның қарауына жолданса,30 - өтінішке заңға сәйкес түсініктеме беріліп, 4 өтініш толықтай қанағаттандырылып жауап берілді.

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары берілді.

Жалпы түскен арыздардың ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша 27 ( 65 пайыз%), автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 12 ( 29 пайыз %), кадр қызметі бойынша -2 ( 4 пайыз %) жүгінген.

Заңды тұлғалар өтініштері бойынша

2015 жылғы есепті кезеңге басқармаға барлығы 35 (2014 жыл 9 арыз) заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсіп, 26 есе өтінішке көбейгендігі анықталды.

Өтініштердің басым көпшілігі жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі – 21, автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу – 11, мемлекеттік сатып алу 2, кадр қызметі бойынша -1  мәселелері бойынша жүгінген.

Заңды тұлғалардың жүгінулерінің 35 өтініш басқармада қаралып,31 - түсініктеме беріліп, 2- өтініш толығымен қанағаттандырылып облыс әкімдігімен жауап берілді, 2 өтініш құзырлы органдарға қарау жіберілді.

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

2015 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланып отыр.

2015 жылдың есепті кезеңінде басқарма басшысы 7 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. 19 азамат басшы орынбасарының қабылдауында болды. 21 азаматқа қабылдау барысында ауызша түсініктемелер беріліп, 4 өтініші құзырлы органға қарауға жіберіліп, 1 өтініш толығымен қанағаттандырылып жауап берілді.

Веб порталға келіп түскен өтініштер бойынша

2015 жыл бойынша веб порталға келіп түскен арыздар саны 5 (2014 жыл 6 ) өткен жылмен салыстырғанда 1 арызға азайып отыр.

Веб портал бойынша келіп өтініштердің көпшілігі жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі – 4 (80 пайыз %), автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу -1 (20 пайыз ) мәселелері жүгінген.

Порталға келіп түскен өтініштердің 3 басқармада қаралып, 2 басқа органдарға қарауға жіберілді.


2015 жылдың ІІІ тоқсан бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен

жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 

2015 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша барлығы 20 өтініш-арыздар өндірісте болды (2015 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда 6 арызға, немесе 73,3% азайған (2015 жылдың ІІ тоқсанына 26 арыз).

20 арыздың 15 жеке және 5 заңды тұлғалар, 20 өтінішке мерзімінде қаралып, жазбаша түрде жауап берілген.

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2015 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша барлығы 11 өтініш тіркеліп, өткен тоқсанмен салыстырғанда 14 арызға азайған (2015 ж. ІІ тоқсанына -25).

2015 жылдың ІІІ тоқсан бойынша 11 – өтініштер тіркелген,оның ішінде ұжымдық арыздар саны-2, жеке арыздар саны -9.

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде түсіндіріліп жауаптары берілді.

Жалпы түскен арыздардың ауқымды бөлігінде автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 2 (18,1 пайыз%), жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша - 7 (63,6 пайыз %), әлеуметтік мәселесі бойынша 1 (9 пайыз%), қызметкердің тәртіптік мәселесі бойынша 1 (9 пайыз%) жүгінген.

Заңды тұлғалар өтініштері бойынша

2015 жылғы ІІІ тоқсанда басқармаға барлығы 4 (2015 жылдың ІІ тоқсаны -13) заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсіп, ІІ тоқсанмен салыстырғанда 9 өтінішке азайып отыр.

Өтініштердің басым көпшілігі жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі – 3 (75 пайыз%), мемлекеттік сатып алу мәселесі – 1 ( 25 пайыз%), жүгінген.

Заңды тұлғалардан келіп түскен 4 өтініштің 3 басқармада қаралып, түсіндірме беріліп, 1 өтініш құзырлы органдарға қарауға жіберілді.

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

2015 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланып отыр.

2015 жылдың есепті кезеңінде басқарма басшылығымен 5 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. 1 азамат басқарма басшысының қабылдауында, 4 азамат басшы орынбасарларының қабылдауында болды. 2 азаматқа қабылдау барысында ауызша түсініктемелер беріліп, 3 өтініші құзырлы органға қарауға жолданды.


2015 жылдың ІІ тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен

жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 

2015 жылдың ІІ тоқсаны бойынша барлығы 26 өтініш-арыздар өндірісте болды. 2015 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 11 арызға, немесе 42,3 % көбейген (2015 жылдың І тоқсанына 35 арыз).

26 арыздың 13 жеке және 13 заңды тұлғалар, 3 өтініш ауызша түрде берілген.

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2015 жылдың ІІ тоқсаны бойынша барлығы 13 өтініш тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 арызға көп түскен (2015 ж. І тоқсанына -11).

Барлық 13 жүгінудің 12 – өтініштер,1-ұсыныс.

Олардың 2 өтініш құзырлы органның қарауына жолданса, 11- өтінішке заңға сәйкес түсініктеме берілді.

Қызылорда облысы әкімі аппаратынан 8 арыз қарауға жіберіліп, тиісінше барлық түскен арыздың 30,7 % құрап отыр.

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңды көзделген мерзімдерде жауаптары берілді.

Жалпы түскен арыздардың ауқымды бөлігінде автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 5 ( 19,2 пайыз%), жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша - 8 (30,7 пайыз %) жүгінген.

Заңды тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2015 жылдың ІІ тоқсаны бойынша барлығы 13 (2015 жылдың І тоқсаны -14) заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсіп, 1 есе өтінішке көбейгендігі анықталды.

Өтініштердің басым көпшілігі жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі – 7, автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу – 6  мәселелері бойынша жүгінген.

Заңды тұлғалардың 13 жүгінулерінің 10 өтініш басқармада қаралып, 12- түсініктеме беріліп, 1- өтініш толығымен қанағаттандырылып облыс әкімдігімен жауап берілді        

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

2015 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланып отыр.

2015 жылдың ІІ тоқсаны бойынша есепті кезеңде басқарма басшылығымен 3 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. 3 азамат басшы орынбасарының қабылдауында болды. 3 азаматқа қабылдау барысында ауызша түсініктемелер беріліп, 1 өтініші құзырлы органға қарауға жолданды.


2015 жылдың І тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен

жұмыс жүргізудің талдау анықтамасы

 

2015 жылдың І тоқсаны бойынша барлығы 35 өтініш-арыздар өндірісте болды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25 арызға, немесе 40 % көбейген (2014 жылдың І тоқсанына 10 арыз).

35 арыздың 11 жеке және 14 заңды тұлғалар, 11 өтініш ауызша түрде берілген.

Жеке тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2015 жылдың І тоқсаны бойынша барлығы 11 өтініш тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 арызға көп түскен (2014 ж. І тоқсанына -2).

Барлық 11 жүгінудің 11 – өтініштер,3-ұсыныс, ұжымдық арыздар саны-6.

Олардың 3 өтініш құзырлы органның қарауына жолданса, 8- өтінішке заңға сәйкес түсініктеме берілді.

Қызылорда облысы әкімі аппаратынан 5 арыз қарауға жіберіліп, тиісінше барлық түскен арыздың 45 % құрап отыр.

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңды көзделген мерзімдерде жауаптары берілді.

Жалпы түскен арыздардың ауқымды бөлігінде автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 3 ( 27 пайыз%), жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі бойынша - 8 (73 %) жүгінген.

Заңды тұлғалар өтініштері бойынша

2015 жылғы есепті кезеңге басқармаға барлығы 14 (2014 жылдың І тоқсаны -1) заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсіп, 13 өтінішке немесе 92 % көбейгендігі анықталды.

Өтініштердің басым көпшілігі жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі – 9, автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу – 5  мәселелері бойынша жүгінген.

Заңды тұлғалардың 14 жүгінулерінің 10 өтініш басқармада қаралып, 9- түсініктеме беріліп, 1- өтініш толығымен қанағаттандырылып, 4- өтініш қаралу үстінде.

Жоғары органдар арқылы заңды тұлғалардан 1 өтініш түсіп, мерзімінде жауаптары берілді.

Ауызша өтініштер бойынша (жеке қабылдау)

2015 жылы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының І қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында веб-порталға жарияланып отыр.

2015 жылдың есепті кезеңінде басқарма басшылығымен 11 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның ішінде 7-і басқарма басшысының қабылдауында және 4 азамат басшы орынбасарының қабылдауында болды. 10 азаматқа қабылдау барысында ауызша түсініктемелер беріліп, 1 өтініші құзырлы органға қарауға жолданды.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 11-10-2018 09:34

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика