Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы туралы

жалпы ақпарат

 

     Облыс экономикасының, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудағы маңызды роль атқарушы факторлардың бірі болып саналатын – елді мекендер арасында көлік қатынасы және оны тұрақты қамтамасыз етуші облысымыздағы автомобиль жолдары саласы. Осы екі саланың қызметін тиісті деңгейде ұйымдастыру – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жүктелген.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 1998 жылы ақпан айында облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасы болып құрылды.

Облыс әкімінің 1999 жылғы 15 сәуірдегі №55 шешіміне сәйкес облыстық энергетика, индустрия және сауда департаменті болып қайта құрылды.

Облыс әкімінің 1999 жылғы 20 қарашадағы №73 шешіміне сәйкес облыстық өнеркәсіп  және сауда департаменті болып қайта құрылды.

Облыс әкімінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы №67 шешіміне сәйкес облыстық өнеркәсіп  және көлік департаменті болып қайта құрылды.

Облыс әкімінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы №67 шешіміне сәйкес облыстық өнеркәсіп  және көлік департаменті болып қайта құрылды.

Қызылорда облысы әкімиятының 2001 жылғы 12 шілдедегі №50 қаулысына сәйкес облыстық өнеркәсіп  және көлік басқармасы болып қайта құрылды.

Қызылорда облысы әкімиятының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы №227 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы болып қайта құрылды.

     Басқарманың бастамасымен қала және аудан әкімдіктерімен бірігіп 2000 жылдан бастап, облыстағы барлық автовокзалдар мен автостансаларға тексеру және талдау жүргізіліп, нәтижесінде облыстық Тізілім (реестр) жасақталып, аталған тізілімге аудан орталықтарында орналасқан 9 автостанса, Қызылорда қаласында 1 автовокзал және 2 диспетчерлік пунтк енгізілді.

     Жоғарыда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аталған 15 жыл ішінде облыс бойынша барлық көлік түрімен жолаушы тасымалдау саласының қызметі жақсарып, сапасы жоғарылады және оның тасымалдау көлемі де ұлғайып, жолаушылар ағымы тұрақтанып келеді.

     Бүгінгі күні, Арал, Қазалы, Қармақшы (Төретам), Жалағаш және Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының автовокзалдарында кассалық аппараттар орнатылып, ауданаралық (қалааралық) маршруттарында тасымалданған жолаушылардың саны мен қаржы есептері жүргізіліп, автобустар бекітілген кестеге сәйкес қозғалуда.

Басқарма құрылғалы бері облыстағы шалғай ауылдық елді мекендерін аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 215 тұрақты автобус қатынасы ұйымдастырылып, 212 елді мекенімен көлік қатынасы орнатылды.

     2005 жылдан бастап облыс аумағындағы кейбір ауданаралық (қалааралық) автобус бағыттарының тасымалдау шығындары жоғары болғандықтан және жолақы көлемін жолаушыларға тиімді деңгейде ұстау үшін, Арал, Қармақшы, Сырдария және Шиелі аудандарындағы 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар санатына енгізіліп, тасымалдаушылардың шығындары тиісті бюджет есесбінен демеуқаржыландырылып келеді.

     2006-2010 жылдары республикалық, облыстық бюджеттерден және басқа көздерден 15694,8 млн. теңге бөлініп, 753 шақырым жолға жөндеу  жұмыстары, оның ішінде 95,8 шақырым жолға қайта жаңарту, 198 шақырым жолға күрделі жөндеу, 459,1 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген, 1 көпір, 2 қалқымалы көпір және 2 паром өткелі, 5 су өткізгіш құбыры салынған.

     2011-2014 жылдары респбуликалық және облыстық бюджеттерден барлығы 30 758,6 млн теңге бөлініп, барлығы 1037,7 шақырым жол жөнделді.

Атап айтақнда, 86,1 шақырымға құрылыс, қайта жаңарту жұмыстары, 134,8 шақырым жолға күрделі. 826,3 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 көпір құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

     1998 жылы ақпан айында басқарманың негізі қаланғаннан бастап басқарма басшысы лауазымына Мырзашев Сейдалы Мырзашұлы тағайындалған. С. Мырзашев бұл саланы 6 жыл басқарған, 2004-2007 жылдары Бексары Жаңабай Мұратбекұлы, 2007-2008 жылдары Нұртаев Рзақұл Сәденұлы, 2009-2010 жылдары Нәметша Сержан қасқырұлы, 2010-2011 жылдары Шәменов Өмірбек Мөрәліұлы, 2011-2012 жылдары Жылқайдаров Әмірқұл Романқұлұлы, 2012-2013 жылдары Көлбаев Бегман Бахытұлы, 12.2013-02.2017  жылдары Бәйімбетов Марат Серікбайұлы басқарған.

     2017 жылдың 20 сәуірінен бастап облыс әкімі Қ. Е. Көшербаевтың № 540-ө өкіміне сәйкес басқарма басшысы болып Әбдіқалықов Ержан Қыпшақбайұлы қабылданды. 

 

Мырзашев Сейдалы

Мырзашұлы

1998-2004 жж

Бексары Жаңабай

Мұратбекұлы

2004-2007 жж

Нұртаев Рзақұл

Сәденұлы

2007-2008 жж

Нәметша Сержан

Қасқырұлы

2009-2010 жж

Шаменов Өмірбек

Мөрәліұлы

2010-2011 жж

 

Жылқайдаров Әмірқұл 

Романқұлұлы

2011-2012 жж

Көлбаев Бегман

Бахытұлы

2012-2013 жж

Бәйімбетов Марат

Серікбайұлы

2013-2017 жж

Әбдіқалықов Ержан

Қыпшақбайұлы

20.04.2017 ж - осы

кезеңге дейін

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 27-03-2018 10:06

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика