• Дата публикации: 22/06/2019 - 12:35
    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
    Мазмұны:

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Облыс əкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік жəне ведомство қызметкерлері арасында 25-ші спартакиада өтті.

    Жарысқа 26 команда, 1000-нан аса мемлекеттік қызметкер спорттың 9 түрінен сынға түсіп, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосты.

    Нəтижесінде жалпы командалық есепте

    1-топта шекара отряды 2019 əскери бөлімінің командасы 1-орынды жеңіп алса, облыстық полиция департаменті екінші, төтенше жағдайлар департаменті үшінші орындарды иеленді.

    2-топ бойынша мемлекеттік кірістер департаменті спартакиада жеңімпазы атанды.

    2-орынды облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы, 3-орынды жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының командалары еншіледі.

     

  • Дата публикации: 19/06/2019 - 12:13
    "ҚазжолҒЗИ" Вице-президенті Ербол Айтбаевпен кездесу өтті
    Мазмұны:

    2019 жылы 18 маусымда "ҚазжолҒЗИ" Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының Вице-президенті Ербол Айтбаевпен кездесу өтті.

    Кездесу барысында автомобиль жолдарын диагностикалаудың озық технологияларын пайдалану бойынша одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

     

  • Дата публикации: 17/06/2019 - 12:04
    Қызылорда-Анталия бағыты бойынша рейс ашылды
    Мазмұны:
    2019 жылдың 16 маусымынан бастап Қызылорда-Анталия бағыты бойынша рейс ашылды.
    Бұл рейс әр жексенбі күні Қызылордадан сағат 06:25 ұшады.
  • Дата публикации: 17/06/2019 - 11:53
    Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада
    Мазмұны:

    Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған XXV-дәстүрлі спартакиадасында ІІ топтық командалар арасында шахматтан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2 орынды иеленді.

     

  • Дата публикации: 17/06/2019 - 11:44
    Мемлекеттік қызметшілер арасында Спартакиада
    Мазмұны:

    Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған XXV-дәстүрлі спартакиадасында ІІ топтық командалар арасында шағын футболдан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 3 орынды иеленді.

     

  • Дата публикации: 27/05/2019 - 18:39
    Облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады
    Мазмұны:

    2019 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әбдіқалықов Ержан Қыпшақбайұлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін облысаралық, ауданаралық жолаушылар тасымау қызметін көрсетін көрсетіп жүрген жүргізушілерді облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

     

  • Дата публикации: 27/05/2019 - 12:20
    FlyArystan әуе компаниясына ұсыныс хат жолданды
    Мазмұны:

    Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтан және Алматы бағытына ұшуға FlyArystan әуе компаниясына ұсыныс хат жолданды. 

  • Дата публикации: 23/04/2019 - 17:05
    Облысаралық маршруттарға зерделеу жұмыстары жүргізілді
    Мазмұны:

    2019 жылдың 18 сәуірінен бастап Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлерімен ауданаралық, облысаралық және халықаралық тұрақты автобус маршруттарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстары барысында жолаушы тасымалдайтын автобустардың қызмет көрсету сапасы, жүру кестесін сақтауы, рейс алдындағы әзірліктері және автобустардың санитарлық тазалығына назар аударылды. Анықталған кемшіліктер жою жөніндегі тасымалдаушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

     

  • Дата публикации: 02/04/2019 - 11:42
    Жиналыс өткізілді
    Мазмұны:

    2019 жылдың 1 сәуір күні Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әбдіқалықов Ержан Қыпшақбайұлының төрағалығымен «Көлік қызметі мәселесі» тақырыбында жиналыс өткізілді.

    Аталған жиналысқа, Қызылорда облысының көлік қызметі Ардагерлер ұйымының төрағасы, автокөлік саласының ардагері, Қызылорда облысы жолаушылар тасымалдаушылары ассоциациясының президенті, «Қорқыт ата атындағы әуежайы» АҚ-ның басшысы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның «ГП Қызылорда бөлімшесі» филиалының өкілі, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің директоры және жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуші кәсіпорындар басшылары қатысты.

     

  • Дата публикации: 13/03/2019 - 12:13
    Мазмұны:

    2019 жылдың 12 наурызында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары тұрақты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Тілеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы тағайындалды.

     

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика